LRT ісі бойынша сотталғандар тізімі жарияланды
АСТАНА LRT ісі бойынша сотталғандардың тізімі жарияланды. ("Жеті шелпек" таратқандай болыпты!) Ұзақ жылдар бойы дау тудырып, Елорданың жемқорлық символына айналып үлгерген АСТАНА LRT ісі бойынша айыпталған азаматтарға сот үкімі шықты. Бұл тізімге төмендегі аталған азаматтар енді:
1) Астананың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығы Рашид Аманжуловты 10 жылға бас бостандығынан айыру (прокуратура мүлкін тәркілеумен, қатаң режимдегі колонияда 11 жыл өтеуді сұрады);
2) Бұрынғы депутат және мәслихат хатшысы Нұр-Сұлтан Жанат Нұрпейісов 8 жылға бас бостандығынан айырылды (айыптаушы тарап мүлкін тәркілей отырып, 9 жыл орташа қауіпсіз колонияда өтеуді сұрады);
3) «НұрТрейд» ЖШС-нің экс-директоры (қосалқы мердігер «Астана LRT») Ұлықбек Ачиловты 8 жылға бас бостандығынан айыру (айыптаушы тарап мүлкін тәркілеумен 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады);
4) Мердігердің өкілі Дәурен Абдыхамитов - басқа адамдарға тиесілі, заңсыз жолмен алынған мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыру (айыптаушы тарап мүлкін тәркілеумен 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады);
5) Мердігердің өкілі Тимур Касабаев - 8 жылға бас бостандығынан айыру (айыптаушы тарап сол соманы сұрады);
6) Astana Innovations кеңесінің экс-төрағасы Талғат Әшім - 7 жылға бас бостандығынан айыру (айыптаушы 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады)
7) Мердігердің өкілі Дулат Мусенов - 7 жылға бас бостандығынан айыру (айыптаушы тарап осындай жазаны сұрады).
Енді менде бір сұрақ бар: Бұл аталған адамдар кімдер?
Олардың арасында өз уақытына қызмет еткер әкімдер мен шенеуніктер қайда? «Қалалық көлік жүйелері» ЖШС (бұрынғы «Астана LRT» ЖШС) басшылары қайда?
Рүстем Ашетаевтың жазбасы
Abai.kz