Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Саңлақ 4868 4 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 13:21

Олимпиадаға Жетісудан кімдер қатысады?

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері спортшыларымыз Азия, Әлем, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып, көк байроағымызды желбіретуде. 

XXXІІ жазғы Олимпиада ойындарында да спортшыларымыз Отанымыздың мәртебесін көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сененміз.

Ұлттық құрама команда спортшылары олимпиада ойындарына 25 спорттың түрінен, бүгінгі күнге, 62 лицензия бар.

Төрт жылдықтың басты додасы 2021 жылы Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада Ойындарына жолдамалар сарапқа салынатын турнирлер мен чемпионаттарда бүгінгі таңда 11 лицензия ұтып алынды. Бұл жолдамаларды Азия, Әлем Чемпионаттарында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшыларымыз:

- грек–рим күресінен - Асхат Дильмухамедов,

- ауыр атлетикадан - Зулфия Чиншанло,

- ауыр атлетикадан - Сон Игорь,

- велосипед спортынан (трек) - Пономарев Сергей,

- жеңіл атлетикадан (спорттық жүріс) - Ратова Айман,

- жеңіл атлетика (ядро лақтыру) - Иванов Иван,

- байдарка мен каноэде есуден - Усова Светлана,

- садақ атудан - Санжар Мұсаев, Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және 1 командалық жолдама қолда бар.

Сонымен қатар, 4  спортшы жолдама иеленуге үміткер. Олар:

- тас жолдағы велосипед спортынан - Натаров Юрий, Фоминых Данил,

- жүзуден - Федотова Мария,

- садақ атудан - Фарида Түкебаева.

Ел намысын қорғайтын оғландардың асығы алшысынан түскей, Алға, самға!

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061