Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 9920 1 пікір 15 Маусым, 2021 сағат 13:53

Қожаның әжесі

"- Қожатай-ау, тамағыңды ішіп кетсеңші.

- Бірінші сабақ Рахманов ағайдыкі. Кешігуге болмайды.

- Рахманов, Рахманов... Немене сонша, Рахмановың Құдай ма, әлде Мұхаммед пайғамбар ма?"

Осы диалог бәрімізге жақсы таныс. "Тарбаңдаған бақасы құрғыр тарбаңдап барып сөмкеге өзі кіріп кеткен шығар? Соған да біздің Қожатай кінәлі ме екен?" - дейтін жері тіпті ғажап. Қанша жерден "білімге құштар" болса да, тарбаңдаған пәленің мектепті өз аяғымен тауып баруы, Майқанованың сөмкесін әдейі іздеп кіріп алуы мүмкін емес қой. Бірақ қалайда немересін қорғаштап, ақтап алғысы кеп тұрған қамқор әже үшін бәрі мүмкін. Әженің бауырында өскен біз үшін де еш қисынсыз емес сияқты ма, қалай...

Әже бейнесін шынайы сомдаған жан - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі ЗАҒИ ҚҰРМАНБАЕВА. Ол 1903 жылғы 13 маусымында Алматы маңындағы Қожмәмбет ауылында дүниеге келіпті. Актриса ширек ғасыр бойы Әуезов театрында еңбек еткен. Оның сахналық образдар галереясында сан қилы кейіпкерлер кездеседі, алайда Зағи апаның ең ел есінде қалған рөлдері - ана, әже бейнелері. Ол жас күнінен актриса болуды армандаған, өзі көрген спектакльдердегі монологтарды, диалогтарды жаттап алып, айтып жүрген. Ақыры Алматыдағы драма үйірмесіне жазылып, түрлі рөл ойнауды, ән айтуды, күй шертуді үйренген. Өзінің шынайы, нақты, табиғи ойынымен бірден көзге түскен.

1928 жылы астананың ауысуына орай Қазақ драма театры Қызылордадан Алматыға көшіп келеді. Зағи енді нағыз майталмандардың ойынын сахнадан жиі тамашалап, өз шеберлігін де шыңдауға мүмкіндік алады. Жас та дарынды актрисаның қабілетін әйгілі режиссер Жұмат Шанин де жоғары бағалап, ұжымға шақырады. Оның "әкемтеатрдағы" алғашқы рөлі - І.Жансүгіровтің "Кек" пьесасындағы Үндемес бейнесі еді. Бүдан кейін М.Әуезовтің "Түнгі сарынында" - Ділдә, "Қарақыпшақ Қобыландысында" - Аналық, "Абайында" - Зере, Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері-Ақтоқтысында" - Дәмелі, "Қозы Көрпеш пен Баян сұлуында" - Күнікей образдарын сомдады. Оның кейіпкерлеріне тән ортақ ерекшелік - қарапайымдық, шынайылық, ашықтық еді.

1952 жылы ол ойнаған "Абай" спектаклі КСРО Мемсыйлығына ие болды. 1959 жылы зейнеттік демалысқа шықты. Бірақ өзі қайтыс болған 1975 жылға дейін сахнамен қош айтысқан жоқ...

Сәкен Сыбанбайдың жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5483