Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2212 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 13:20

Тбилисидегі су тасқыны салдарынан 4 адам қаза тапты

БАКУ-ТБИЛИСИ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Тбилисиде жексенбіге қараған түні нөсерлі жаңбырдан болған су тасқынының салдарынан төрт адам қаза тапты.

Әзірбайжандық Trend агенттігінің Грузияның Төтенше жағдайлар агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Тбилисидің оң жақ жағалауында Кура өзені арнасынан тасып, Ортачал ауданын су астында қалдырды.

Бірінші соққы Горгасали көшесіндегі барак үйлерге тиді. Мұнда бір әйел және оның екі баласы қаза тапты. Осы көшеде, сондай-ақ егде жастағы бір әйел де қайтыс болды. Бұдан басқа, Горгасали көшесінде тағы 8 адам зардап шекті. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді, өмірлеріне қауіп жоқ.

Апаттың куәсі болғандардың айтуынша, бірінші толқынның биіктігі 3 метрді құрады, ол өзімен бірге ағаштар, қоқыс, құм, тастарды алып келді. Су көшелерде тұрған көліктерді көтеріп, олардың бір-біріне соқтығысуына әкеліп соқтырды.

Тасқын салдарынан бірнеше үйді жартылай қирады. Құтқарушылар барлық тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірді.

Көмекке әскери қызметкерлер келіп, ауыр техниканың көмегімен үйінділер мен жолдарды тазартты. Себебі тасқынға көшкін де қосылды. Сағат түнгі 3-ке қарай қатты жаңбыр басылған соң - жағдай тұрақтанды.

Құтқарушылар түні бойы жұмыс істеді. Олардың жұмысын Тбилисидің мэрі Гиги Угулава үйлестіріп отырды. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер үйлердің жертөлелерінен суды сорып шығарумен айналысуда, құтқару жұмыстары жалғасуда. Таңға қарай қаладағы қозғалыс қалпына келтірілді.

Г.Угулаваның мәлімдеуінше, Ортачалдағы бірқатар үйлерге үлкен зардап келтірілді, шығынның нақты көлемі жексенбі күні есептеледі. Бұл ретте синоптиктер Тбилисидегі жаңбырлар тағы үш күнге созылатындығын айтуда.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159