Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2962 0 пікір 14 Мамыр, 2012 сағат 13:30

Мәскеулік баспа Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағын шығаруға әзірленуде

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Мәскеулік «Альпина нон-фикшн» баспасы қазақтың ақыны, философ, композитор және ағартушы Абай Құнанбаевтың өлеңдер жинағын шығаруды жоспарлауда, деп жазады «Газета.Ru».

Чистопрудный бульварында орнатылған Абай ескерткіші жанында бірнеше күн бойы оппозицияның «көпшілік серуені» өтіп жатыр. Әлеуметтік желілерде іс-шара «Оккупай Абай» атымен кеңінен танымал.

Жинақты басып шығару жоспарлары туралы «Газета.Ru»-ға жазушы Сергей Шаргунов айтып берді.

«Иә, Абай Құнанбаев өлеңдерінің жинағын басып шығаруға дайындық жүруде. Бұл туралы мен баспаның басшысымен сөйлестім», - деді Шаргунов.

Абай Құнанбаев ескерткіші - Қазақстанның Мәскеуге жасаған сыйлығы. Ескерткішті орнату туралы шешім Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылғы қаңтардағы Ресейге ресми сапарының аясында, Владимир Путинмен кездесуі кезінде қабылданды. 2006 жылғы сәуір айында оның ашылу салтанатына екі елдің басшылары қатысты.

2012 жылдың 8 мамырынан ескерткіш айналасындағы аумақ оппозицияны жақтаған азаматтардың «көпшілік серуені» орнына айналды. Occupy Wall Street-ке ұқсас болғандықтан ол әлеуметтік желілерде «Оккупай Абай» деп аталып кетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502