Петропавлда бірінші сынып оқушысын көлікпен қағып өлтірген бұрынғы полиция қызметкеріне рақымшылық жасалды
ПЕТРОПАВЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында бірінші сыныпта оқитын қыз баланы көлікпен қағып өлтірген бұрынғы полиция қызметкеріне рақымшылық жасалды,
деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасы 2011 жылдың 18 қыркүйегінде орын алған. 23 жасар полиция сержанты Марат Туғаев Жұмысшы кентінде 7 жасар Алина Луканованы көлікпен қағып өлтірді. Соққы салдарынан қыз бала қарсы бетке ұшып кетіп, онда тағы бір көлікпен қағылды. Қыз бала оқиға орнында көз жұмды. Апаттан кейін полицей орган қызметінен шығып кетті.
М.Туғаев ҚР ҚК-нің 296 бабындағы 2 бөлімі («Абайсызда адам өміріне әкеліп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу» бойынша айыпталды. Аталмыш баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және көліктік құралдарды 3 жылға дейін жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Петропавл қалалық соты бұрынғы полицейді 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бірақ Қылмыстық кодекстің бұл бабы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңына сай келетіндіктен, сотталған азамат жазасын өтеуден босатылды.
Қаза тапқан қыз баланың туыстары сот шешімімен келіспейді және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге ниетті. Олар моральдық шығын үшін сотталушыға 2 миллион теңге көлеміндегі өтемақы төлетуді талап етті.