Қазақтың шығу тегін зерттейтін жаңа ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырыла бастады
АЛМАТЫ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - «Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоры» қазақ халқының, қазақ тілінің және қазақ мәдениетінің шығу тарихын зерттеуге арналған «Қазақ тегі» деп аталатын жаңа ғылыми-зерттеу жобасының іске қосылғанын жариялады.
Ол «Қазақ халқының шығу тегі», «Қазақ тілінің шығу тегі» және «Қазақ мәдениетінің шығу тегі»деген үш ғылыми-зерттеу серияларынан құралады. Жоба авторлары - Борис Шырдабаев пен Ұлан Әбіш.

«Жобаны әр серияның алғашқы томы болып есептелетін қазақ тілінде басылып шыққан «Қазақ халқының антропологиялық тарихы», «Қазақ тілі тарихы: Фонетика» және «Қазақ халқының табиғат мінажаты және емдеу магиясы» атты кітіптар ашып отыр. Оның алғашқы даналары енді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына, Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына және еліміздің бас оқу орындарына тапсырылатын болады», - дейді қор директоры Мейіржан Құрманов. Оның айтуынша, жобаның басты мақсаты ғасырлар мен қашықтықтарды шолып, қазақтың ата-бабаларының, олардың тілі мен мәдениетінің қайнар көздерін белгілеп, қазіргі қазақтар мен Қазақстан және Еуразия орталық белдеуінің ежелгі тұрғындарының арасындағы байланыс пен сабақтастықты анықтау. Онда ізденістердің негізіне ежелгі және ортағасырлық жазба деректері, археология, этнография, фольклор, шежіре, материалдық және рухани мәдениет деректері, көршілес халықтардың қазақтар мен олардың ата-бабалары туралы мәліметтер және басқа да деректер алынбақ.