Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2018 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 12:26

Қытай Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі өкілдерін Токиодағы Ясукуни шіркеуіне барғаны үшін кінәлады

БЕЙЖІҢ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен дүйсенбі күні Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің өкілдері Токио қаласындағы Ясукуни шіркеуіне барды.

Бұл оқиға Қытай, Жапония және Корея Республикасы басшыларының Бейжіңде өткен 5-ші кездесуі кезінде болды. Оның қорытындылары бойынша тараптар еркін сауда аймағын құру, сондай-ақ Қытай мен Жапония елдері арасындағы қарым-қатынастардың тұрақтандырылуына 40 жыл толғаны бойынша келіссөздерді бастауға келіскен еді.

Ясукуни шіркеуіне тәу етушілер Жапония және император үшін қаза тапқан жауынгерлерге тағзым етеді. Осыған байланысты Қытай Ясукуни шіркеуін жапондық милитаризм белгісі деп есептейді.

Қытай бұл оқиғаны тез елеп-ескерді. Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі сепаратистерінің Ясукуни шіркеуіне баруын Бейжің «елдің бөлінуі мен қытайлық-жапондық қарым-қатынастарды жоюға бағытталған қызмет» ретінде бағалайды, деп түсінік берді дүйсенбі күні ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хун Лэй.

«Осындай әрекеттерге елдегі және елдің сыртындағы барлық қытай азаматтары, оған қоса, ұйғыр ұлтының өкілдері қарсы тұрады», - деп атап өтті қытайлық дипломат.

Жақында Қытайдың сыртқы саяси ведомствосы Жапонияның Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің басшысы Рабия Қадырға виза беруіне байланысты келіспеушілігін танытты.

Қытайда Бүкіләлемдік ұйғыр конгресінің қызметіне тыйым салынған, ҚХР СІМ-нің мәлімдеуінше, «Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі лаңкестік ұйымдармен тығыз байланысты және Қытайға қарсы сепаратистік топ болып табылады».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522