Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2128 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 12:28

Қазақстанда шағын бизнес субъектілерін тіркелген мерзімінен бастап 3 жылға дейін жоспарлы тексеруге тыйым салынбақ

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда шағын бизнес субъектілерін тіркелген мерзімінен бастап 3 жылға дейін жоспарлы тексеруге тыйым салынатын болады.

Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында «Рұқсат құжаттарды азайту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтерін оңтайландыру мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

Бақылау-қадағалау қызметтерін оңтайландыру бағытында заң жобасында арнайы бағыт қарастырылғандығын атап өткен министр: «Шағын бизнес субъектілерін тіркелген кезінен бастап 3 жылдың ішінде жоспарлы тексеру жүргізуге тыйым салу көзделуде»»,- деді.

Оның айтуынша, бұл шектеу қызметі жоғары қауіппен байланысты шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қарастырылмайды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155