Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2481 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 13:33

Кітап шығару мен тарату ісінде жаңалық бар ма?

Темірғали КӨПБАЕВ, «Қазығұрт» баспасының директоры:

- 2010 жылы Ақпарат және мұрағат комитеті Байланыс және ақпарат министрлігіне қараған кезде, қазақшаға шорқақ мамандар көркем әдебиетті жоспарлау жүйесінде үлкен қателіктер жіберді. Сол кезде баспалардың мүмкіндігінен тыс нәрселер күштеп енгізілді. Мәдениет пен ақпарат саласы біріккен соң, бәрі енді қайта қалпына келе бастады.

Сала басшылығына Болат Қальянбеков, Қуат Бораш секілді елге танымал, сауатты, әдебиетті жетік білетін мамандардың келуі көңіл қуантады. Вице-министр Арман Қырықбаевтың баспагерлердің проблемасын сұрап, Алматыда келелі жиын өткізуінің өзі - салаға серпін берген соны жаңалық. Бұл - талайдан бері болмаған жай. Тәуелсіздік кезінде туған жаңа заман әдебиетін, жаңа есімдерді, журналистер қауымының таңдаулыларын насихаттауға басымдық беріліп отыр. «Тәуелсіздік толғауы» сериясы - соның жарқын айғағы. Баспалардың ешқайсысын алалап жатқан жоқ, бәрі тапсырыс алуда. Ендігі тілек - сол тапсырыстың кешікпеуі ғана.

Сәуле АХМЕТОВА, «Қазақпарат» баспа корпорациясының вице-президенті:

- Проза, поэзия саласында «Жаңа заман әдебиеті» сериясы дүниеге келіп, тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиетке көп көңіл бөліне бастады.

Министрлік жанындағы сараптамалық комиссияның бұрын аты бар да заты жоқ еді. Баспалар ұсынған кітаптар қалай болса солай сұрыптаусыз шығып кететін. Қазір сараптау комиссиясының беделі өсті, кітаптарды жан-жақты талқылайтын болды. Тәртіп күшейіп, басылған кітаптардың кітапханаға жетуі қадағаланатын болды. Дегенмен сараптау комиссиясындағы мүйізі қарағайдай жазушылар кітап тарату, қаламақы проблемасын біле бермейді. Сондықтан бір тілек, өмірін кітап саласына арнаған белгілі баспа басшылары министрлік жанындағы сараптамалық комиссия құрамына енуі керек сияқты.

Кәдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ, «Ан Арыс» баспасының бас редакторы:

- Министрліктің ең үлкен жаңалығы - авторға баспаны таңдау құқығын беруі. Енді кез келген автор қалаған баспасымен келісім-шарт жасасып, оны нотариуста куәландырып, министрлікке ұсынса, оған да жоғарыдан ақша бөлінеді. Ал бұрын автор кітабының қай баспадан шығатынын білмейтін. Мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптардың ғаламторда жарияланатын болуы ең бір дұрыс шешім болды. Өйткені екі мың дана таралым оқырман тұрмақ, еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханалардың өзіне бір данадан да жетпейтін. Қазір, Құдайға шүкір, ғаламторды пайдаланушылар саны жылдан жылға артып келеді. Ғаламтордың арқасында автормен тұтас Қазақстан қоғамы белгілі деңгейде таныс болады.

Оқырман назарына ұсынылатын кітапта бірден байқалатын нәрсе - мәтіннің тазалығы, емленің дұрыстығы және жатық оқылуы. Демек, бұдан былай редакторлық және корректорлық жұмыстың ұқыпты орындалуын кез келген оқырман ғаламтордан қадағалай алады. Сондықтан баспа өзінің басты міндеті - редакциямен дұрыс жұмыс жасауды жолға қоюы тиіс.

Сауалнаманы жүргізген Ақтан ҚОҢЫР

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515