Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1975 0 пікір 15 Мамыр, 2012 сағат 13:34

Алты мыңнан аса адам келеді

«Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы 2012 жылдың 18 мамырында сағат 17.00-ден 24.00-ге дейін осымен жетінші рет «Мұражайдағы түн» акциясын өткізеді. Биыл ол «Өзгеріп бара жатқан әлемдегі мұражайлар. Жаңа қауіп пен шабыт көздері» деген ұранмен өтеді.

Аталған шараның мақсаты - «келушілерге мұражай туралы ғылыми, мәдени білім беру институты ретінде ғана емес, халықтың ересек топтары үшін кешкі және түнгі бос уақыттарын өткізетін орын ретінде түсінік қалыптастыру» болып табылады.

Акция шеңберінде мұражайдың қор коллекцияларынан үш көрме ашылады. Олар: XІX-XX ғасырдағы ордендер, медальдар мен белгілердің коллекциясы, «Қазақстанның жануарлар әлемі» және «Ұлы Отан соғысының қару-жарақтары». Бұдан басқа келушілер үшін мұражайдың залдарымен тегін экскурсия ұйымдастырылады, ал әрбір 300-келушіге «Қазақстанның археологиялық алтыны», «Антропология мұражайы», «Н.Г.Хлудов залы» сияқты эксклюзив залдарының бірімен таныстыру өткізіледі.

Сондай-ақ шара аясында Қазақстанның еңбек сіңірген артистерінің, скрипкашылар ансамблінің, Алматы театрлары актерлерінің қатысуымен үлкен концерттік бағдарлама, светодиодтық хореографиялық шоу, «Х-Фактор» екінші маусымының финалистері мен қатысушыларының концерті өтеді.

Қазақстандық киносүйер қауым үшін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жаңа фильмдері көрсетіледі. Мұражайдың деректану және қолжазба орталығы араб каллиграфиясы мен көне түркі жазбасы бойынша шеберлік дәрісін өткізеді, ал Қазақстан мен Жапонияның адам ресурстарын дамыту орталығы ықылас танытқандарды жапон каллиграфиясы өнерімен таныстырады.

«Сондай-ақ «Мұражайдағы түн - 2012» шеңберінде декоративті-қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, бүркітшілер шоуы мен қазақтың тазы мен төбет иттерінің көрмесі өтеді.

Шараның соңында түнгі қаламен экскурсия ұйымдастырылады. Орталық мемлекеттік мұражайы «Мұражайдағы түн» акциясын 2006 жылдан бері өткізіп келеді. Осы уақыт ішінде шара оңтүстік астананың мәдени күнтізбесіндегі ең тартымды және жұртшылық көп күтетін оқиғаға айналды. Жыл сайын бұл күні мұражайға 6 мыңнан аса адам келеді.

Ал 18 мамырда бүкіл әлемде халықаралық мұражай күні атап өтіледі.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522