Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2083 0 пікір 17 Мамыр, 2012 сағат 11:28

Жанар-жағармай өнімдерін тиісті лицензиясыз сатып, 501 млн. теңге табыс тапқан ЖШС директоры айыппұл төлеп құтылды

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Жанар-жағармай өнімдерін тиісті лицензиясыз сатып, 501 млн. теңге табыс тапқан ЖШС директоры айыппұл төлеп құтылды.

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде өткен брифинг барысында ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Алматы қаласында «Miga Group» ЖШС-нің директоры Скрябинге айыппұл төлеу жазасы кесілді. Ол 2008 жылғы қыркүйектен 2009 жылғы қаңтар аралығында жанар-жағармай өнімдерін тиісті лицензиясыз сатудан 501 млн.теңге заңсыз табыс тапқан», - деді ол.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында «Жанар» ЖШС директоры міндетін атқарушы Жарпеков 2009 жылғы тамыздан 2012 жылғы қаңтарына дейінгі аралықта  жанар-жағармайды тиісті рұқсатсыз сатып, 33 млн.теңге табыс тапқан.

Ал Павлодар облысында жеке кәсіпкер Ковтун «Павлодар-Омбы» тас жолында орналасқан жанармай құю бекетінде тиісті лицензиясыз мұнай өнімдерін сатып, нәтижесінде 130 млн. теңге табыс тапқан.

«Сот Ковтуннан мемлекет кірісіне 6 млн. теңге өндіріп алу туралы шешім қабылдады», - деді ресми өкіл.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4154