Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
46 - сөз 3066 6 пікір 5 Шілде, 2021 сағат 18:20

6 - шілде - коронавирус құрбандарын еске алу күні

Қазақстанда 2021 жылғы 5-шілде күні коронавирус жұқтырғандар саны 437 мыңға таяп қалыпты. Меніңше бұл әлі де толық цифр емес. Бұған пневмония жұқтырған 60 мыңдай адам мен одан қайтыс болғандарды тағы қосу керек. Қаза тапқандар 4469 деп көрсетілген. Тек соңғы бір тәулікте ғана рекродтық көрсеткіш – 3031 адамға коронавирус жұққан. 25 адам коронавирустан, екі адам пневмониядан көз жұмған. Яғни бұл дерттің басылар түрі көрінбейді.

ДДҰ Қазақстанда өршіп кеткен пневмония түрін COVID-19-дың өзгерген түрі ретінде қарастырғанымен одан қайтыс болғандар саны есепке алына бермейді. Қытайдың Қазақстандағы Елшілігінің өткен жылы елде пневмониядан қайтыс болғандар санын 1700-ден астам деп көрсеткен еді. Былтыр кейбір отбасылар коронавирустан қайтыс болған туыстарын лайықты құрметпен жерлеу үшін оның басқа дерттен қайтыс болғаны туралы анықтама сатып алып жерлегені жайында ақпараттар да болған. Сонда COVID-19 құрбандарының саны 7 мыңға жуықтайды.

Мына төменде елімізге танымал, өңірлерімізде белгілі, коронавирустан қаза болған жазушы, журналистер, ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, мемлекеттік қызметшілердің толық емес тізімі беріліп отыр.

Өткен жылы 6-шілдені Коронавирус құрбандарын еске алу күні ретінде атап өту жөнінде ұсыныстар айтылған. Біз сол ұсынысты қолдаймыз. Бұл күні түрлі себеппен отшашу, фейерверк ату әруақтарды қорлау болып табылады. Ондай келеңсіздіктерге жол берілмесін! Марқұмдардың иманы саламат болсын!

КОРОНАВИРУС ҚҰРБАНДАРЫ

1. Кеңес Дүйсекеев – композитор

2. Берік Исмаилов – дизайнер

3. Еділ Ерғожин – ҰҒА академигі, химия ғылымының докторы.

4. Мұрат Мыңбаев – техника ғылымының докторы, дінтанушы

5. Саябек Зиядин – экономика ғылымының докторы

6. Жолдасбек Дуанабай – журналист

7. Сайранбай Дөненбаев – Еңбек ері

8.Жалғас Кеңесов – композитор

9.Дархан Дайырбек – әртіс

10.Қуандық Шамахай – жазушы

11.Қалдыбай Әбенов – режиссер

12.Сансызбай Бекболатов – театр қайраткері

13.Әприза Құсайынова – қоғам белсендісі

14.Үмітхан Алтаева – журналист

15.Сләмбек Жұмағали – режиссер

16.Қайрат Дүйсен – ақын

17.Әбдіғани Құдайбергенова – дәрігер

18. Қырықбай Аллаберген – т. ғ. докторы

19.Тұяқ аңшы – тегін тауып қосу керек.

20.Клара апай – Әбіш Кекілбаевтың жары

21.Көпжасар Нәрібаев – ҚР ҰҒА академигі.

22.Жанат Халықов – журналист

23.Г. Алдашева – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары,

24. Ұзақ Серікбаев –Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бөлім бастығы, зейнеткер,

25. Қошмұрат Серікбаев – мемлекеттік қызметші, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Мұнайлы аудандық бөлімшесінің басшысы.

26.Бақытжан Торбаев – Қостанай облысы, Жангелдин ауданы әкімінің орынбасары

27.Мираш Тәшетов –Арқалық қаласының құрметті азаматы

28.Диас Омаров – тележурналист

29.Жанат Ахмади – жазушы

30.Қаракөз Ақдәулетова – әнші

31.Қайрат Баймұхамедов – Алматы обл.бас санитар дәрігері

32.Серікжан Бескемпіров – облыс әкімінің орынбасары

33. Гүлбарам Садуақасова – Қорқыт Ата университетінің профессоры,ж/т ғылымдарының докторы

34. Талғат Орманов – ақын

35. Әкім Нұрсапаұлы – аңшылық,саятшылық өнер білгірі

36. Әлібек Наурызбаев – баспагер

37. Қуанышбай Жұмабайұлы – шежіреші

38. Бадретдинов Раис Салихович –велоспорт жаттықтырушысы

39. Абдуғаппар Сманов – дін қайраткері

40. Зəкария Сманов – ағайындылар

41. Абдулла Сапаров – ҰҒА академигі.

42.-43. Сақан Елеусізов жұбайымен – ұзақ жыл мектеп директоры болған, ұстаз

44. Назар Рамазанов – экстра-класс ұшқыш.

45. Әділжан Хамзин – көрнекті уролог дәрігер, медицина ғылымының докторы, профессор.

46. Жекен Қалиев – дипломат. БҰҰ Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі.

47. Марат Көкенұлы Ардат – астаналық жоғары санаттағы дәрігер.

48. Нұрпейісов Бақдаулет Бақтиярұлы – Қарағанды облысы соттар әкімшісінің басшысы.

49. Оспанов Сапар – философия ғылымының докторы.

50. Қалихан Қозыбағаров – Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері

51. Берік Ермаганбетов – Маңғыстау облысы бокстан жаттықтырушы, жоғары ұлттық деңгейдегі судья.

52. Жеңіс Жарылғапов – Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Жаңаөзеннің құрама командасының аға жаттықтырушысы.

53. Ақылбек Теміров – Жаңаөзендегі бокс мектебінің жаттықтырушысы.

54. Аман Әжібаев – бокс хабарлаушысы;

55. Қайрат Мамаділов – Еуразия университетінің филология факультетінің деканы;

56. Қалихан Қозыбағаров – Ақтөбе инфекциялық ауруханасының бас дәрігері;

57. Анапия Меңдешұлы – тарихшы, шежіреші;

58. Жолдас Төлегенов – қайраткер, Мақтаарал ауданының Құрметті азаматы;

59. Әнуарбек Бейсе – журналист, "Ұстаз нұры информ" газетінің бас редакторы;

60. Батырхан Сағынтаев – желтоқсаншы;

61. Дәуренбек Әубәкір – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

62. Тоқсанбаев Сүлеймен Рахымжанұлы – белгілі аудармашы.

63. Нәбиев Тұрсын Ясынұлы – Алматы қалалық сотының судьясы

64. Садықов Айдынғали Наурызғалиұлы –Атыраулық Мəдениет қайраткері

65-66. Әшірбек Аманкелді (інісімен қоса) –журналист, халықаралық шолушы.

67. Азат Базаркелдиев – Талдықорған театрының әртісі.

68. Нұртілеу Иманғалиұлы – тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

69. Ғазиза Әбдінәбиева – Қазақстнның еңбек сіңірген әртісі.

Бұл тізімді әркім қаза болған өздері білетін адамдарын қосып жалғастыра беруіне болады. Жалпы саны жеті мыңнан асады. Сол құрбандықтардың бәрін 6-шілде күні еске алып құран бағыштайық!

Марат Байділдәұлының жазбасы

Abai.kz

6 пікір