Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5598 2 пікір 6 Шілде, 2021 сағат 09:09

«Өмір бойғы түрме»

«Ғұн дәуірінде он күн бойы қара үйге қамалып шыққан  қылмыскер қалған  бар өмірін ұят пен масқараның астында өткізетін...»,-деп жазылыпты Си Ма Цянның «Тарихи жазбалары» кітабында. Бір сөзбен айтқанда, сол кездегі 10 күндік жаза-өмір бойғы түрмемен тең болатын, яғни өмір бойы-ар жазасын арқалап, ел бетіне қарай алмай төменшіктеп өтетін. Бұл жазаның өзі ұрпақтан-ұрпақтың бетіне түскен шіркеу болыпты. Тіптен жетінші ұрпағына дейін: «Сенің пәленше бабаң баяғыда қара үйге қамалған »,-деп сыбағасынан қағып отырыпты.

Бүгінгі біздердікіндей отбасының бір мүшесі түрмеде өліп, бірі наркомандар қамағында өзіне қол салып жатса да, туған бауырының жемқорлығы анықталып түрмеге түсіп жатса да бетпақтанып бедірейіп жүре бермеген.

Сонымен қатар аталмыш кітапта: «Ғұн династиясы кезінде ең ұзақ жаза он күн болды, ал қара үйге  он тұтқын қамалса, ол  бүкіл ел бойынша өте жоғары көрсеткіш болып саналды. Барлығы дерлік белінде пышақ, қанжар тағып жүрді, бірақ басқалармен орынсыз дауласып,  қылышын  шынтақ көлеміндей суырып: «Мен сені өлтіремін»,-деп айтар болса  қоғамдағы төзімсіз жаман адам ретінде аяусыз өлім жазасына кесілген. Заң түсінікті және оны орындау оңай»,-деп жазылған.

Қазақ хандығы  дәуірлеп тұрған замандарда да осындай әдемі дәстүрі болған. Сол бір жақсы уақыттар «Ақылды  мемлекет» деп аталды.

Біздің ата-бабаларымыздың  мыңдаған жылдар бойы қалыптастырған  адамгершілікке, адами болмысқа, кішіпейілділікке тәрбиелеген  прогрессивті халықтық әдет-ғұрыптарында  ешқандай қате болмады. Қазақ халқының  саны аз болса да, ұрпақтан-ұрпаққа қуатты болғанының құпиясы да  осында болатын.

Маған «барлығы заң аясында өмір сүру керек» деп уағыздайтын кей адамдар  осы туралы ойланса екен!..

Амантай Тойшыбайұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383