Жамбыл облысында тауық Алла жазуы бар жұмыртқалар тапты
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен аптада таңғажайып оқиға болды. Қасиетті жұма күні "Һибатулла Тарази" мешітіне орта жастағы Әсия Аймұратова Алла жазуы бар екі жұмыртқаны алып келді, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайты.
«Жұмыртқада арабша Алла деп анық жазылғанын көрген бас имам Данияр Жұмабаев өз таңданысын жасыра алмады. Сол жердегі жамағатта Алланың ұлық мұғжизасына куә болды»,-делінген онда.
Әлемнің түкпір-түкпірінде кездесетін мұндай кереметтерді, мұсылман жамағаты Алланың ескертуі деп қабылдайтыны белгілі. «Алла тағала Құран кәрімде "Жер бетінде нақ сенушілер үшін дәлелдер бар. Сондай-ақ өздеріңде де бар"-деп адам баласына өз белгілерінен екенін білдіреді. Жаратушы иеміздің мұндай хақ белгілері түсінген жанға ғибрат берері сөзсіз»,-деп айтылған бұл мәліметтерде.