Өзбекстанда Әйтеке бидің кесенесі ашылды
ТАШКЕНТ. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Өзбекстанда жуырда ресми түрде Әйтеке бидің кесенесі ашылды. Бұл туралы Өзбекстандағы республикалық қазақ мәдени орталығының 20 жылдығына арналған құрылтайдың салтанатты ашылуы барысында осы орталықтың басшысы Марат Үкібаев мәлім етті.
М. Үкібаев ата өткендей, бірнеше жыл бұрын Өзбекстанның Навои облысының Нұрата елді мекенінде Әйтеке би жерленген қорым табылған болатын. Ол «Сейітқұл әулие» бейітінің жанында орналасқан. Содан кейін меценаттардың, атап айтқанда шымкенттік кәсіпкер Шахарбек Усмановтың қатысуымен құрылыс жұмыстары басталды.
Жұма, 18 мамыр күні Әйтеки бидің мазарын ашу салтанатына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмурадов, ӨР-ғы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері және Қазақстан мен Өзбекстанның басқа да қонақтары қатысты. Соңынан ас берілді.
Өзбекстандағы ҚР елшілігінен хабарлағандай, дипломатиялық өкілдіктің басшысы Б. Жексенбин кесененің ашу салтанатында сөз сөйледі.
Айта кетейік, Ташкент қаласының орталығында Төле бидің кесенесі орналасқан.