Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2422 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:51

Алматыда бір жүргізушінің кесірінен 3 адамның өмірі қиылды

АЛМАТЫ. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда бір жүргізушінің қылмыстық селқостығы 3 адамның өліміне әкеп соқтырды, деп хабарлады Алматы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Апат қала орталығында кешке қарай орын алды. «Даймлер Бенц-500» маркалы көліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қатарынан екі көлікпен соқтығысты. Алдымен ол жолдың шетінде тұрған «Мазда-323» көлігіне барып соғылды, оның ішінде 3 жолаушы - ер адам мен 2 әйел болған. «Даймлер» көлігінің жылдамдығы жоғары болғандығы соншалық, ол қарсы келе жатқан тағы да бір «Мазда-626» көлігімен соқтығысты. Абырой болғанда бұл көліктің ішінде жүргізушіден басқа ешкім болмады. «Мазда-626»-ның жүргізушісі жарақаттанған жоқ. Жәбір көргендердің барлығы ауыр жағдайда аурухаға жеткізілді. Алайда 3 жолаушы таң ата көз жұмды», - деді Алматы ІІД жол полиция басқармасы басшысының орынбасары, полковник Тұрысхан Матқұлов.

Полиция қызметкерлері жағдайды тексеру барысында тек бір жолаушының жеке тұлғасын анықтады. Ол 28 жастағы - алматылық азамат. Оның жанында болған әйелдердің жеке құжаттары болмады. Болжам бойынша олардың біреуі 20-25-те, екіншісі шамамен 30-35 жаста, жүктіліктің 6 айында  болған.  «Мазда-323» маркалы көліктің жамбас сүйектері сынған жүргізушісі ауруханада ем қабылдауда. Жол-көлік апатына кінәлі азамат ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Қайғылы оқиға «Даймлер Бенц» маркалы көліктің 32 жастағы жүргізушісінің қылмыстық селқостығынан болды.  Ол көлікке мас күйінде отырып, жол ережесін өрескел бұзған. Бұл көлік Қырғызстанның мемлекеттік нөмірінде болғандықтан, Алматының жол полиция органында тіркелмеген. Барлық көліктердің жылдамдығын бақылайтын органның арнайы мәліметтер базасында бұл көлікке қатысты ешқандай ақпарат жоқ. Сондай-ақ бұл көлік Алматыда техникалық бақылаудан өтпеуі мүмкін», - деді полковник Матқұлов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443