Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2401 0 пікір 21 Мамыр, 2012 сағат 11:54

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтіндер жалқыны кем дегенде 30 пайызға көтеруді талап етуде

Бүгін Қарағанды облысының Теміртау қаласында металлургтер мен шахтерлердің еңбекақасын көтеру бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейтіндер санкциялық митинг өткізді.

«Бұл біздің еңбек дауымыз, оған қатысты шешім құқықтық деңгейде шешілуі тиіс», - деп мәлімдеді митингті ұйымдастырушылар.

Біз бұл акцияны өткізуге мәжбүр болдық, себебі ұзақ уақытқа созылған келіссөздер күттірген нәтиже бермеді, деп атап өтілді жиналыстың барысында.

«Жалақыны кем дегенде 30 пайызға көтеру керек», - деп мәлімдеді өз сөздерінде еңбек ұжымдарының өкілдері. Сонымен қатар жұмысшылар жалақыны көтеру кезеңдері өткен мерзімнен - 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап болғандығын талап етуде.

«Біз митингке қатысушылар - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да жұмыс істейміз  және де шахтерлер мен металлургтердің еңбек ұжымдарының еңбекақыны өсіру талаптарын қолдаймыз!»

«Жақтау» металлургтер және «Қорғау» шахтерлер кәсіподақтары қазақстандық заңнаманың аясында мәселені бейбіт әрі тыныш шешуде барлық жағдайды жасады, деп санайды митингке қатысушалар.

«Облыстық және қалалық билік өкілдерімен мәселені шешуде ұсынылған барлық жағдайлар жасалды. Дегенмен біздің мәселені шешуде жағдайға байланысты мойынсұнушылығымыз күттірген нәтиже бермеді. Біз жұмыс берушілерден шахтерлер мен металлургтердің жалақыларын көтеру мәселесін - көмір және құрыш департамент еңбек ұжымдарының талаптарын орындауды сұрайтын боламыз», - делінді митингте.

Бұл құжаттың мәтіні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның басқарасына, сондай-ақ ҚР Президентіне, Үкіметке, «Нұр Отан» ХДП-на, Қарағанды облысының және Теміртау қаласының әкімдеріне жіберіледі, деп аталып өтті минингіде.

«Келесі аптада ескерту ереуілін өткізу үшін қол жинаймыз», - деді «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы Владимир Дубин. Шахтерлер металлургтердің әрекетін қолдайды, деп атап өтті «Қорғау» шахтерлер кәсіподағының төрағасы Марат Мырғаязов.

Компания өз кезегінде келіссөздерді жалғастыруға ниетті.

Жуырда, 17-18 мамырда компанияның басшылығы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комисияның аясында кәсіподақшылармен келіссөздердің 2 раундын өткізілді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының басшылығы 2012 жылдың 21 мамырынан тарифтер индексін 2011 жылдың инфляция деңгейіне, яғни еңбекақыны 7,4% индексациялауды, сондай-ақ тарифтер мен жалақыны 2,6% көтеруді ұсынды. Бұл ұсыныс бір айдың ішінде 265 мың тонна және одан да жоғары белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана жүзеге асырылмақ», - деп атап өтті қызметтеркерлерді басқару бойынша директор. Сонымен қатар компанияның басшылығы жалақыны 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеру бойынша келіссөздерге оралуды ұсынып отыр.

Кәсіподақ көшбасшылары бұл ұсынысқа келіспей, қабыл алмады.

Минингіге 3000 адам қатысты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440