Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2484 0 пікір 22 Мамыр, 2012 сағат 08:12

Қанат Сіләм: «Атамекенге әрең жеткенде Америкада атамның басы бар ма?!»

Әйгілі боксшы Қанат Сіләмұлы Америкаға кетеді екен деген ұзынқұлақтың ақпарына елең ете қалдық. Іле боксышының өзіне хабарластық.

- Сізді Америкаға кеткелі жатыр дейді ғой. Рас па?

- Иә, рас. Лондон олимпиадасына бара алмасам, кәсіпқой боксқа кетемін деген о баста ойым болған. Сөйтіп, олимпиадаға бармайтын болған соң, енді, міне, кәсіпқой боксқа кетуге бел буып отырмын. Нақтырақ айтқанда Американың Майами қаласына бармақпын. Онда Марат Мәзімбаевты кәсіпқой боксқа алып шыққан адамдар бар. Ол жақпен сөйлесіп, келістік. Құдай қаласа, енді жол жүреміз бе деп отырмыз.

- Сонда Америкаға біржола қоныс аудармақшысыз ба?

- Жоға, Атамекенге әрең жеткенде Америкада атамның басы бар ма?! Тек қана жұмыс бабымен барып, келіп тұрамын.

- Сәт сапар тілейміз! Жолыңыз болсын!

- Рахмет!

Сұхбаттасқан - Өміржан Әбдіхалықұлы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419