Бейсенбі, 28 Қараша 2024
Билік 4187 1 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 13:16

Мемлекет басшысы: Ауыл сайлауы - бұл жаңғырудың жаңа кезеңі

Қазақсан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел тәуелсіздігінің 30-жылдық қарсаңында арнайы мақала жазып, ол ел аумағына кеңінен тарайтын «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған еді.

Тәуелсіздіктің маңызы мен ұғымның тереңдігі, оны қастерлеу мен азаттықты дамытуға қажет адам бойындағы қасиеттер жайлы да мақалада көп айтылды. Қоғамның үнемі даму мен үдерісте болуы үшін алдымен үнемі ізденіс қажет екені де баса айтылды. Соның бірі сайлау процесін дамыту, жыл сайын оның жетілуіне жағдайлар жасау болып табылады. 25 шілде күні ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында ұсынған болатын. Артынша оны өзінің мақаласында да атап өтті. «Қоғам даму мен өзгеріс үшін өз шешімін батыл білдіріп, заңды негізде таңдау жасай алуы тиіс» деген еді.

Сайлау қарсаңында мемлекет басшысы арнайы жазба қалдырып, халықты сайлауда белсенді қатысуға шақырды. "25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек" деп жазды мемлекет басшысы өз Твиттер парақшасында.

Биыл еліміздегі әкімдер сайлауында 800 жуық ауыл әкімін ауыстыру жоспарланып отыр. Сайлау барынша тартысты өту үшін заңға арнайы өзгерістер енгізіліп, тәуелсіз бақылаушылар да қатысатын болады. Сайлау өтетін ауыл халқы өз таңдауын жасап, елдің дамуына, тәуелсіздіктің нығаюына өз үлесін қоспақ. 2025 жылға дейін еліміздегі ауыл әкімдерін сайлау жолы арқылы ауыстыру жоспарланып отыр. Елімізде 2000-нан астам ауылда сайлау өтпек. Биылғы сайлауға ел бюджетінен 4.7 млрд теңге қаржы бөлінген еді. Сайлаудың сәтті өтуі, ел саясатының дамуына да үлкен үлес болмақ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1577
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3390
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6558