Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 7567 21 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 14:51

Алаштықтар болмағанда Якутиядай болар едік

Әуежайларда рейстеріңнің арасында бос уақыт болады, сол кезде айналаңдағы өзің сияқты жолаушысы бар, сол жерде жұмыс жасайтындары бар, неше түрлі ұлттарды көріп отырып мынадай ой келеді.

Бос мақтанудан әлі арыла алмай келеміз. Әсіресе тарихты айтқанда. Бәлен ғасыр бойы айналамен соғысып соғысып, ақырында ресейден оңбай жеңіліп, тәуелсіздіктен, жерден айрылып бодан болып кеткеніміз туралы айтқымыз келмейді. Тарихтан сабақ алғымыз келмейді.

Қарап тұрсаң кезінде дәл қасымыздағы көршілеріміз ресей мен қытай технологиялық тұрғыда қарқындап дамып жатқанда біздің елдің игі жақсылары оған мән бермей, баяғыша мал бағып, көшіп-қонып жүре берді. Жан-жаққа тыңшылар жіберіп, зерттеп, жаңа нәрселерді елге әкелулеріне не кедергі болды екен? Қаражат жетпеді емес, байлар малының тіпті санын білмейтін. Солай ата-баба жолын ұстаймыз деп жүргенде Қазақ елі басқа елдерден бірнеше жүз жылға артта қалып қойды.

Қылышен соғысатын кезде біздікілер қырғидай тиіп, хорезмнің құл базарына сүйреп апарып сатып жүрген ресейліктер дамып кетіп, әскерін мылтықпен, зеңбірекпен қаруландырып, өзімізді басып алды, артынан тіпті көрсетпегендері жоқ, ұлт ретінде құрып кетуге шақ қалдық. Кезінде Алаш зиялылары бізді Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы деп қостырмағанда қазіргі тәуелсіздік болмас еді, Ресейдің Якутия сияқты бөлігі болып отырар едік.

Қазір қалаймыз? Әлі де сол, шетел дамып, біз арттамыз. Тек қана дипломатияның арқасында ғана тәуелсіздігімізді сақтап отырмыз, әйтпесе әріге бармай-ақ, қасымыздағы екі алпауытқа шақпақ құрлы жоқпыз.
Біз туралы болашақ ұрпақ не айтар екен, ата-бабамыз өтірік статистика жасап, өздерінен өздері ұрлап елді құртты дер ме екен... Және 100 жылдан кейін қазіргі шенділердің бірде-бірінің аты қалмайды, ұрпағымыз "ата-баба" дегенде ішіне бәріміз кіріп кетеміз.

Арман Рахмет

Abai.kz

 

 

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5839