Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 4835 3 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 15:00

Артық газды қайда тығады?

Еуроодақта энергетикалық хартия деген бар, ол бойынша Еуроодақ жерімен өтетін барлық құбырларға (мейлі ол газ болсын, мұнай болсын, су болсын, т.с.с. бәрібір) бір мемлекет 50%-дан артық өз өнімін толтыруға құқы жоқ. Бұл әлдеқандай бір мемлекет монополистік басымдыққа ие болып, кейін басқаларға өз шарттарын таңып отырмау үшін әдейі жасалған келісім.

Балтық теңізінің түбімен тартылған Нордстрим-2 газ құбыры құрлыққа шығысымен Германияның үстімен жүріп отырып Орталық магистральды құбырға дейін жетеді де кейін басқа Еуропа елдеріне тарайды. Бұл газ құбыры Нордстрим-2-нің құрлықтағы жалғасы болса да басқаша, ОРАL деп аталады.

Міне, осы құбыр арқылы тасымалданатын газдың негізінен Ресейден келетінін көріп отырған Польша Германияны Еуропа сотына берді. Германия Еуропалық энергетикалық Хартияға бағына ма, жоқ па? Әлде Германия ерекше статусқа ие ме? - деп сұрақты төтесінен қойды Польша. Еуропа соты осыны екі жыл ойланды, бірден шеше алмады. Аргумент мықты, темірдей. Ақыры әрі ойланып, бері ойланып, Польшаның талабы дұрыс деп мойындауға мәжбүр болды.

Олай болса Нордстрим-2 құбыры да 50%-ға ғана толтырылады ғой? Артық газды қайда тығады? Ал бұл өте тиімсіз, құбырға кеткен шығын ақталмайтыны өз алдына, тіпті Газпром табыссыз қалуы мүмкін.

Алдағы күзде, қазан айында Германияда парламент сайлауы өтеді. Сонда канцлерь Ангела Меркель ханым кетеді деп күтіліп отыр. Кандидаттар арасында Нордстрим жобасына әуел бастан-ақ қарсы болған "жасылдар партиясы" бар. Осы партияның жеткшісі Аннанела Бербок Польшамен жақсы қарым-қатынаста. Оның үстіне кешегі жауын да климатты өзгерту керек деп жүрген "жасылдар партиясына" жақсы жарнама жасап берді, сайлауға екі айдай уақыт қалғанда. Бұл осы партияның жеңісін жақындата түседі. Ең болмағанда парламентте фракция құруға мүмкіндік туғызуы мүмкін. Ал бұл да аз жеңіс емес.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5839