Жұма, 29 Наурыз 2024
3920 2 пікір 23 Шілде, 2021 сағат 15:20

Қырғыз президенті қытай вакцинасын салдырды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкектегі сауда орталықтарының біріндегі пунктке барып, қытайлық Sinopharm препаратын салдырды, - деп хабарлайды 24.kg.

Бұған дейін Қырғызстан басшысы тұрғындарды белсенді түрде вакцина алуға шақырған болатын. Бірақ өзі осы уақыт аралығында коронавирус жұқтырып аурғанына байланысты антиденелері жеткілікті екенін айтып вакцина салдырудан бас тартқан.

Айта кетейік, Қырғызстанда коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны 2021 жылдың 29 наурызында басталды. Елде қытайлық Sinopharm және ресейлік "Спутник V" вакциналары қолданылады. 2021 жылдың 22 шілдесінде AstraZeneca препаратымен вакциналау басталды. Елге гуманитарлық көмек ретінде Әзірбайжан бөлген AstraZeneca-ның 40 мың дозасы жеткізілген.

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 шілдедегі жағдай бойынша 6 миллион халқы бар республикада барлығы 120 мыңнан аса адам вакцина салдарған. 2020 жылдың наурызынан бастап көрші республикада коронавирустан 2 227 адам қайтыс болған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1580
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3606