Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 5405 6 пікір 2 Тамыз, 2021 сағат 16:09

«Бізде 40 млн га жайылым жер дұрыс пайдаланылмай отыр»

Соңғы космомониторинг деректері бойынша елімізде 40 млн га  жайылым жер дұрыс пайдаланылмай отыр. Бұл туралы жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан мәлімдеді. 

Космомониторинг енгізу заңға сай бола тұра Ауылшаруашылығы министрлігі «Атамекен» ҰКП-ның итермелеуімен оны 2020 жылдың желтоқсанында дөрекі түрде өшіріп тастады. Оны қайта қосып, деректерді өңдеу үшін қаншама күш жұмсалды.

Бұл жұмыстың барлығы бюджет шығынынсыз іске асып жатқанын атап өткім келеді. Сонымен бірге биыл бұл жұмыс Илон Масктің Starlink жобасымен қатар БҰҰ Халықаралық электрбайланыс одағының чемпиондығына лайық деп табылды. Мен ол туралы жазған болатынмын:

https://www.facebook.com/mukhtar.taizhan/posts/3989052204512914

Бірақ біздің «Атамекенге» тәуелді немесе одан қорқатын шенеуніктерге Qoldau.kz жүйесі ұнамайды. Желіде біз оған ұйымдасқан шабуылдарды көріп отырмыз.

Мысалы мынау:

https://eldala.kz/.../3746-atameken-pogreshnost-pri...

Міне енді бүгінгі күнге жаңа, өзекті деректер шықты. Сіздер оларды мына сілтеме арқылы көре аласыздар:

https://lands.qoldau.kz/ru/lands-map/unused-pastures

Осы сілтеме бойынша сіздер сонымен бірге 01.01.2022 жылдан бастап жер пайдаланушының атын немесе заңды тұлғаның атауын БСН-імен (БИН) бірге көре аласыздар. Ашық жер кадастры жаңа жылдан бастап күшіне енеді, ол туралы Заңға қол қойылып қойды.

Бүгінде ауылда тұратын халықтың жартысы шөп жетіспеушілік пен құрғақшылықтан зардап шегіп отырғанын білесіздер. Соңғы космомониторинг деректері бойынша бізде 40 млн га немесе 400 мың шаршы километр жайылым дұрыс пайдаланылмай отырғанын баяндаймын!

Бұл аз ба, көп пе?

Бұл Германия (83 млн адам), Италия (60 млн адам), Польша (40 млн адам), Жапония (126 млн адам) сияқты елдердің территориясынан да үлкен. Бұл аумаққа төрт Оңтүстік Корея немесе он Швейцария сыйып кетеді!

Міне, бізде мал шаруашылығын дамытуға осыншама зор мүмкіндіктер бар! Осынша зор мүмкіндік бола тұра бізде мал жаятын жер жоқ! Біздің халық латифундистердің қыспағында қалып, олардың дамуына, баюына, өздерін өздері асырауына саналы түрде кедергі келтіріліп отыр. Жайылымдар бар бірақ олар біреудікі, қоршалған, текке тұр.

Мүмкін халықтың кедейлігіне банктер мүдделі шығар? Өйткені бос жері жоқ, өзін өзі асырауға мүмкіндігі жоқ адам тұтынушылық несие алып, банктердің несие құлдығына кіреді ғой.

Қалай болғанда да мұны өзгерту керек. Пайдаланылмай жатқан жайылымдарды босатыңыздар, ана қоршауларды алыңыздар, сонда бізде бюджеттегі әлеуметтік мендеттемелердің жартысы шешіледі. Халық аяққа тұрып, өзін өзі асырап, балаларын оқытып, экономиканы дұрыс пайдаланып қана қоймай жандандыратын болады.

Мұхтар Тайжан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273