Тоқаев: ОА елдеріне біріккен су саясатын енгізу маңызды
Су Орталық Азия елдерін біріктіретін ресурс болуы қажет. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ОА елдері басшыларының Консультативтік кездесуінде мәлім етті.
Мемлекет басшысы су ресурстарымен қамтамасыз ету мен аймақтың био және экожүйесін сақтауды Орталық Азиядағы негізі мәселенің бірі ретінде атап өтті.
«Біз қазірдің өзінде климаттың жаһандық жылынуы салдарын судың азаюы мен құрғақшылық арқылы көріп отырмыз. Бұл әсіресе Сырдария бассейнінде ерекше сезіліп отыр. Кейінгі екі жылдағы вегетациялық кезеңде Шардара су қоймасына жиналатын су көлемі 40 пайызға, Кіші Арал теңізіне келетін су мөлшері 60 пайызға азайып кетті. Трансшекаралық өзендер ресурстарын тиімді басқару мен алдыңғы қатардағы технологиялық шешімдерді енгізу үшін біріккен су саясатын енгізу маңызды. Біздің өзара іс-қимылымыз тараптардың мүддесін ескерген және өзара міндеттерді толықтай орындайтын, тең дәрежеде қолдану принципі негізінде жүзеге асуы тиіс. Су Орталық Азия елдерінің арасын ашудың басы емес, керісінше біріктіретін ресурс болуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Abai.kz