Меруерт Түсіпбаева.Қытайдағы бауырларым менің табанымды жерге тигізбеді
Екі рет көз тиді
Жақында Қытайдың Үрімжі қаласына Ахметжан Рабжанның шығармашылық кешіне барып қайттыңыз. Ол жақтағы қазақтар сізді қалай таниды?
- Қытай мен Қазақстан арасындағы рухани қарым-қатынас жақсарған кезде алғаш рет қарлығаш болып Роза Рымбаева барған-ды. Роза апайымыздан соң екінші болып мен бардым.
1995 жылы «Қимай сені барамын» атты бейнеклипім жарыққа шыққан кезде біз BCD дегеннің не екенін білмейтінбіз. Сол уақытта Қытайда тұратын бір қазақ жігіті мені осында іздеп, келіп бейнеклипімді су тегін алып кеткен-ді. Мен өзім білмеймін, сол кезде ауыл-ауылда, таудағы қойшылардан бастап Бейжің, Шанхай, Гонконг қаласында тұратын қазақ атаулыға 1996 жылы белгілі болдым.. Сондықтан мен Қытайға жиі барамын. Ондағы бауырларым менің табанымды жерге тигізбеді. Олар да үнемі шақырып тұрады. 2001 жылы Қытайдағы қазақтардың ортасында «Үкілі үміт» деген ән сайысы өтті. Сол кезде қонақ ретінде барып, жеке концертімді беріп қайтқан болатынмын. Бұл сапарым Қытайға бесінші рет руым еді.
Сол кезде сізге қытайлықтардың көзі тиіпті... деп естідік
Екі рет көз тиді
Жақында Қытайдың Үрімжі қаласына Ахметжан Рабжанның шығармашылық кешіне барып қайттыңыз. Ол жақтағы қазақтар сізді қалай таниды?
- Қытай мен Қазақстан арасындағы рухани қарым-қатынас жақсарған кезде алғаш рет қарлығаш болып Роза Рымбаева барған-ды. Роза апайымыздан соң екінші болып мен бардым.
1995 жылы «Қимай сені барамын» атты бейнеклипім жарыққа шыққан кезде біз BCD дегеннің не екенін білмейтінбіз. Сол уақытта Қытайда тұратын бір қазақ жігіті мені осында іздеп, келіп бейнеклипімді су тегін алып кеткен-ді. Мен өзім білмеймін, сол кезде ауыл-ауылда, таудағы қойшылардан бастап Бейжің, Шанхай, Гонконг қаласында тұратын қазақ атаулыға 1996 жылы белгілі болдым.. Сондықтан мен Қытайға жиі барамын. Ондағы бауырларым менің табанымды жерге тигізбеді. Олар да үнемі шақырып тұрады. 2001 жылы Қытайдағы қазақтардың ортасында «Үкілі үміт» деген ән сайысы өтті. Сол кезде қонақ ретінде барып, жеке концертімді беріп қайтқан болатынмын. Бұл сапарым Қытайға бесінші рет руым еді.
Сол кезде сізге қытайлықтардың көзі тиіпті... деп естідік
- Сол жақтағы қазақтардың шақыруы бойынша Шанхайда бір концертке қатыстым. Концерттен қытайлық жігіт «сізді суретке түсірсем қалай болады?», - деп қолқа салды. Мен қарсы болмадым. Оларға әдемі киімдерім ұнаған екен. Сосын ойламаған жерден фотосессия жасаттым. Фотограф суретке түсіріп жатыр. Қытайлар адамға деген көзқарасын ашық білдіріп, эмоциясын жасырмайды екен. Содан кейін 40 минут өте салысымен ауа жетпей, тынысым тарылып кетті. Жанымда жүрген досым, Қытайдағы танымал тележүргізуші Гүлнәр Сәкенқызынан бұл жерден тезірек кетуді өтіндім. Сонымен такси ұстап мейманханаға әрең жеттік. Үйге оралған соң да ештеңеге зауқым соқпай, сұлық түсіп қатты ауырдым. Неге екені белгісіз. Негізі өз басым көз тиюді елей бермеймін. Өмірімде осындай жағдай екі рет болды. Біріншісі, «Омпа» фильміне түскенде. Банкет кезінде екі француз маған қадала қарап отырды. Соңынан қалай ауырғанымды білмей қалдым. Екіншісі - Қытайда.
Мен айтпаймын, айтсам, айтқанымнан қайтпаймын
Қытайда фонограммамен ән айтуға тыйым салынған ғой. Біздің елде жағдай керісінше. Көбінесе, әнді фонограммамен орындап жүрген адамға қиын соққан жоқ па?
- Ол жақта әншілер тірі дауыста ән салады. Өйткені, Қытайдың сахналарында барлық тиімді жағдайлар жасалған. Сіз көріп отырсыз, мына жерде (Республика сарайында) қандай? Суық ұрып тұр. Бұл - біздің мемлекетіміздің ең басты сахнасы. Сарайдың арендасы миллион теңге. Неге осы жерде саз-аспаптар оркестрі отырмасқа? Күнделікті осында келіп неге әндерімізді дайындамасқа? Бізге тірідей ән айт дейді. Қалай айтамыз? Кейбір әншілердің жеке студиясы бар. Бірақ, көпшілігінде студия жоқ. Бір әнді өңдеудің өзі қаншама қаржыны қажет етеді.
Ал, Қытайға барғанда фонограммасыз ән айту қиынға соққан жоқ. Әбден дайындалдық. Ол жақта да дайындалатын уақыт болды. Ең бастысы, табиғи дауысты сақтау керек. Сахнада жайдары көрінгеніңізбен, күнделікті өмірде мінезіңіз басқаша секілді...
- Мен ер адам сияқтымын. Айтқанымнан қайтпаймын. Кейбір адамдар маған өкпесін білдіріп, сөздеріме туыстарым да ренжіп жатады. Бір уақытта мойыныма ауыртпашылықтар түсті. Ол менің туыстарыма деген жауапкершілігімді өсіруге мәжбүр етті. Адам тағдыр жолын өзі ойлап таппайды ғой. Алла Тағала бізге сынақ жібереді. Сондай алмағайып кезде отбасылық көшті бастауға мәжбүр болдым. Ал, сахнада жайдары, әдемі болып көрінемін. Әу баста шыққан әндерімді тыңдаған көрермендер «Өй сорлы, бұл бақытсыз екен, Таня Буланова», - деп кетті ғой. Бірақ мен өмірде ондай адам емеспін. Мен жігерлімін, ер мінезділігім бар. Біреуге сөз берсем, міндетті түрде орындаймын. Тағы бір қасиетім - ешқашан кешікпеймін.
«Қимай сені барамын» - уақыт өтсе де ескірмейтін туынды
Паспорт деп жатамыз. Әндеріңіздің ішіндегі «төлқұжатыңыз» қайсысы?
- «Төлқұжатым» - «Қимай сені барамын» деген ән. Жуырда «Қазақстан» телеарнасында «Тұңғыш» деген бағдарламада көрсетілді. Мен Қазақстанға тұңғыш бейнеклипті алып келген адаммын. Оны мақтанып та айта аламын. Ең бірінші бейнеклип түсірілген «Қимай сені барамын» әні. Бүгінгі күндері махаббат туралы әндер өте көп. Сонда да осы әнді орында деп жұртшылық ниет білдіріп жатады. Кейде «бұл әнмен зейнетақыға шығамын ба, қойыңыздыршы, айтпаймын» деп қоямын. Той-томалаққа барсам да сол әнді сұрап жатады. Кейбір әндер болады, қанша уақыт өтсе де мәні өзгермейді. «Қимай сені барамын» - уақыт өтсе де ескірмейтін туынды. Бұл әннің авторлары Шөмішбай Сариев пен Төлеген Мұхамеджанов. Сондықтан тыңдарман осы әнімді жадынан шығарғысы келмейді. Мен ойлаймын, бұл әнімнің жалпақ жұртқа танылуының себебі көп. Әуелгісі - тұңғыш бейнеклип. Содан кейінгісі - жастық жалыным. Сахнаға шығатын кезімде Т.Мұхамеджанов әнді суптон дауыспен айт, сонда ғана біз жұртты таң қалдыра аламыз деді. Сондай ерекшеліктердің арқасында ән көштен қалмай келе жатыр.
Театрдың 5000 теңгесі үшін сұп-суық сахнада жүруге мәжбүр болдым
Актерлік пен әншілік дейтін қос өнердің тізгінін қатар ұстаған адамсыз. Қазір «Екі кеменің басынан ұстаған суға кетеді» демекші, актерлік жолдан біржола кеттіңіз бе?
- 2000 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар және жасөспірімдер театрынан кеттім. Содан бастап театрға оралған жоқпын. Одан кейін Сүйінбай атындағы облыстық филармонияда жұмыс істедім. Өзімді әнші ретінде көргім келді. Театрдың беретін 5000 теңгесі үшін сұп-суық сахнада жүруге мәжбүр болдым. Ол кездерде той-томалақ көбейген болатын. Сонда мені көп шақыратын. Қаланың ішінде 300-500 доллар алсам, театрда бір айтқан сөзімді қырық рет қайталап 5000 теңге алатынмын. Әрине, оның бәрі материалдық жағдайыма әсер етпеуі мүмкін емес қой. Осындай жағдайларға байланысты театрмен қош айтыстым. Театр деген ұжымдық жұмыс. Сен бүгін рөл бойынша айтатын екі сөзің болса да, сахнаға шықпай қалсаң, екі ай бойы дайындаған қойылымың бекерге кетеді. Ал, эстрадада ондай талаптарға мойынұсынбайсың, өз еркің өзіңде. Бірде Тамашаға қатысатын болдым. Тамаша өтетін күні бармай қалып едім, театрда көптеген мәселелер туындады. Сосын, өз бетіммен әнді таңдап алдым. Әрине, театрдан кету мен үшін қиын болды. Құдайға шүкір, театрдың киелі сахнасында басты-басты рөлдерді сомдадым. Ұжымдық ортада қызмет еткеннен кейін театрды қимадым, далада қалып қойғандай бойымда қорқыныш та болды. Бірақ, дәл бүгінгі күнге дейін театрда болған үш жылдың ішінде ешкімнің де ала жібін аттаған жоқпын. Мен театрға бала болып келіп, баладай пәк, тап-таза күйімде кеттім деп ойлаймын. Өйткені, осы уақытта театрдағы аға-апаларыммен кездескенде олар ерекше сезіммен амандығымды сұрап жатады.
Арманым - радиода жұмыс істеу
Әннен басқа көңіліңіз тағы да нені қалайды?
- Мен театрда істедім, киноларға түстім, телевидение саласында да еңбек еттім. Енді радио саласында жұмыс жасасам деген үлкен арманым бар. Егер радиоға біреулер шақыратын болса, қуана-қуана барар едім.
Бір жылдары И.Расылханмен бірге ән айтқаныңыз есімде. Алдағы мезгілде басқа да әншілермен бірігіп ән салу жоспарда бар шығар...
- Биыл менің өмірімдегі бір жаңалық - Қытай Халық Республикасының президентінің шақыруымен келген опера әншісі Отанбек Еңсеханмен дуэт айттым. «Сенің туған күніңде» атты әнге бейнеклип түсіріліп, Астананың 10-жылдығына байланысты теледидардан бірнеше мәрте көрсетілді. Бұл менің өмірімдегі ерекше жаңалық деп ойлаймын. Отанбек опера әншісі болғаннан соң, шетелдерде көп жүреді, оны ұстау қиын. Дәл осы әнді дуэтпен орындайық деген ұсыныс болды да, Болат Құсайынов деген эстрадалық әншімен қайтадан жаздырдық. Кейбіреулер Болатпен айтқан ән жақсы шығыпты дейді, біреулер Отанбекпен бірге айтқаныма оң бағасын берді. Талғамы биік көрермен өзі таразылап алады ғой. Өзім жалғыз тағы орындадым. Сонымен бейнеклипті де түсірдік. Аталған әннің ұпайы түгел деп білемін. Жұрт менен «туынды Астананың мерекесіне орай туған ән бе?» деп сұрап жатады. Бірақ, олай емес. Сүйіктім қазір Астанада тұрып жатыр. Сүйіктімнің туған күніне қандай сый жасасақ деп ойлана келе, мың толғанып, ақын болмасам да жүрегімнен шыққан жақсы сөздерді қағазға түсірдім. Сосын өлеңді ақын Абдрахман Асылбековке өңдеттім. Екеуіміз бірге отырып жаздық. Өлеңнің елу пайызы менікі, елу пайызы сол кісінікі деп ашық айтамын. Оған Абдрахман аға еш ренжімес деп ойлаймын. Ән кіршіксіз сезімнен туындаған туынды.
Қазақ эстрадасына ағайын-туыстық, тамыр-таныстық емес, қаражат пен қолдау қажет
Бүгінгі эстраданы тыңдарман тұрғысынан қалай бағалар едіңіз?
- Ресейдің бағдарламаларын көріп разы боласың. «Екі жұлдыз» бағдарламасында тірідей оркестр ойнады. Сол елдің өнер жұлдыздары, актерлері ән шырқайды. Мен ойлаймын, бүгінгі күні қазақ эстрадасына лайықты қаражат бөлінсе, меценаттар көбейсе, ол менің құдам, бауырым, жерлесім, руласым деген сөздер тоқтаса, тек қана шын талантқа жол ашылса, бәлкім бізде жағдай өзгерер ме еді. Қазіргі кезең - қазақ эстрадасының тәй-тәй басып келе жатқан мезгілі. Әншілер не ішем, не кием, не айтам, не қоям десе де өз еріктерінде.
- Осы күні қандай продюсер, ақын, сазгерлермен жұмыс жасайсыз?
- Жеке продюсерім жоқ. Ал, музыкалық продюсерім - Қайрат Жангелді дейтін жігіт. Ол жігітсіз әнім ән емес, сәнім сән емес. Қолынан келген көмегін аямайды. Өзі биік деңгейдегі өңдеуші, дыбыс режиссері. Басында музыкалық продюсерім Төлеген Мұхамеджанов болды. Ол кісімен бірге бір альбом жазылды. Қазір Қайрат Жангелдімен қоян-қолтық жұмыс жасаудамын. Әндерді дайындау соның құзырында. Бірақ, басқа қалаларға шығып концерттер өткізген кезде, әрине, администратор жалдаймын. Өйткені, менің билет таратып жүгіріп жүруім мүмкін емес. Жанар Қадырова атты администраторымның денсаулығына байланысты бір жылдай жұмыс істеген жоқпын. Ал, ақындар жағына ойыссақ, ұнататын ақындарым - Абдрахман Асылбек, Назира Бердалы, Жанаргүл Қадырова. Жас ақындар көп. Осылардың ішінде Танагөз Толқынқызының өлеңдерін ұнатамын.
Орысшаға жүйрік ұлымды қазақша мектепке бердім
- Отбасыңыз жайлы білсек...
- Отбасымда анам, Нұрғиса есімді ұлым және мен. Бүгінгі күні үшеуіміз тұрып жатырмыз. Ұлым - жеті жарым жаста. Биыл мектеп табалдырығын аттады. Баламды үйге жақын болған соң орысша балабақшаға берген болатынмын. Оны аяқтаған соң орысшаға жүйрік ұлымды қазақша мектепке апардым. Біз тіліміз өгейленіп отырған заманда жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, ұлттық рухымызды көтеруіміз керек. Қазақтың қарадомалақтары ендігі уақытта қазақша сөйлесін деген мақсатпен орысша сөйлеп тұрған баламды қазақша ортаға бейімдедім. Осы орайда менің ана ретіндегі олқылығым - баламды орысша балабақшаға бергендігім. Өйткені, өз басыма ұлым өспейтін сияқты болып көрінді. Биыл балам мектепке барған кезде біраз мектептерді араладық. Себебі, Алматыда 500-ге тарта мектеп бар екен. Оның ішінде, білуімше, жиырма мектеп қана таза қазақша білім береді. Неге біздің орысша мектептердің ішінен қазақша сыныптар ашпасқа?
- Өзіңізді жақында теледидардан көріп қалдық...
- «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы жаңадан ашылған «Интеллектуалдық олимпиада» тележобасын жүргізуге кірістім. Аталмыш бағдарлама аптасына екі рет көрсетіледі. Сонымен қоса, алты бағдарламаны жүзеге асыруға келісімге қол қойдым. Алдағы уақытта бұл бағдарлама жүргізіле ме, жүргізілмей ме, бұл әлі белгісіз. Бірақ алты бағдарламаны жүргізетінім сөзсіз.
Ән мен әнші қабыспаса шынайы өнер тумайды
Халыққа әншіні жақсы ән таныта ма, әлде әнші әнді танымал ете ме?
- Ән мен әнші - ешқашан да бір-бірінен бөліп қарауға келмейтін біртұтас ұғым. Өмірде танымал, әрі дауысы ұшар биікке еркін самғайтын әншілер бар. Бірақ өз әнін таба алмай қор болып жүрген әншілерді көреміз. Түптеп келгенде ән мен әнші өзара қабыспаса, шынайы өнер тумайды.
- Шығармашылық өміріңізде қандай жаңалық бар?
- Жақында «Сағым жылдар» әнін өңдеп, «Сағындырған әндер-ай» атты бағдарламаға алып шықпақпыз. Әзірге мендегі жаңалық - осы.
Олжас Қасым
"Қазақстан Заман" газеті 2 шілде 2009 жыл