Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3346 3 пікір 18 Тамыз, 2021 сағат 19:13

Қарашөкеев: Қазақстанда 178,3 мың гектар егіс жойылған

Қазақстанда 178,3 мың гектарда немесе 1,1%-ында егістік жерлер жойылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

«13,2 млн гектарда немесе дәнді дақылдардың жалпы егіс көлемінің 85,2%-ында жақсы және қанағаттанарлық күйде; 2,1 млн гектарда немесе 13,7%-ында нашар күйде; 178,3 мың гектарда немесе 1,1%-ында егістер жойылған»,- деді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, егістіктердің нашарлау тенденциясы бүкіл әлемнің астық егетін көптеген елдеріне әсер еткен.

«Мәселен, Канадада бидайдың жалпы түсімі өткен жылмен салыстырғанда 31,6%-ға,  Америка Құрама Штаттарында 4,4%-ға,  көршілес Ресей Федерациясында 15%-ға төмендеуі болжануда»,- дейді м.м.а.

Қарашөкеевтің айтуынша, биыл астықтың жалпы жиналымының болжамды көлемі 15,3 млн тонна деңгейінде болады деп күтілуде. Бұдан басқа, республикада 3,5 млн тонна көлемінде ауыспалы астық қалдығы бар.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417