Жұма, 29 Наурыз 2024
Аймақ 10216 0 пікір 23 Тамыз, 2021 сағат 14:31

Президент Алматы облысында: «Қылмыспен күрес – тәуекелі көп жұмыс»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми іс сапармен Алматы облысына барды. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Алматы облысындағы бірқатар өндірістік нысандарды аралап, «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларды барып көреді деп жоспарланған.

«Қазақстан Президенті Алматы облысына сапары барысында «Қайсар-2021» шұғыл-тактикалық оқу-жаттығуларын көреді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы медициналық құралдар, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және жағармай шығаратын бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмыстарымен танысады», - деп жазған еді Берік Уәли мырза Facebook-тағы ресми парақшасында.

Ал бүгін Қазақстан Президентінің Алматы облысындағы резиденциясында бірқатар іс-шаралар өткізді.

Сонымен, Мемлекет басшысының Алматы облысына жасаған іс сапаоры қалай өтті? Біз аз-кем шолу жасаған едік...

«Қайсар-2021»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жасаған жұмыс сапарының алғашқы күні «Қайсар-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларға барды. Аталған іс-шара ҚР ІІМ құрамындағы Ұлттық Ұлан құрылымының Алматы оьблысындағы жауынгерлік және әдістемелік орталығында өткен.

ҚР Жоғарғы Бас қолбасшы Қ.К.Тоқаев әскерилер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның құқық қорғау органдарының елішік тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтаудағы елеулі үлесі туралы айтқан.

«Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында қоғамдық қауіпсіздік берік орнықты. Қылмыспен күрес, елдің қауіпсіздігін және азаматтардың қамтамасыз ету қамтамасыз ету – тәуекелі көп жұмыс. Тәртіп сақшысы кез-келген уақытта қатерге дайын тұруға тиіс. Бұл зор жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Полиция қызметкерлері әрқашан қырағы әрі ширақ болуы керек. Сондықтан, осындай оқу-жаттығулар кәсіби шеберлікті шыңдау үшін өте маңызды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарында қызмет етудің физикалық және психологиялық қысымға әкеліп соқтыратыны туралы да айтқан. Тәуелсіздік жылдары қызметтік міндеттерін орындау барысында ұзын-саны 802 азамат қаза болған енкен. Олар Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қатарындағы әскери қызметшілер.

«Олар өмірінің соңына дейін өз қызметтеріне адал болды. Олардың есімдері еш ұмытылмайды. Осындай жанқиярлығы һәм батырлығы үшін барлығы 1567 қызметкер ордендермен және медальдармен марапатталды», – деді Президент.

Әрі қарай, Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарында қызмет ететін азаматтардың әлеуметтік мәселелеріне тоқталған. Президент Тоқаевтың айтуынша, алдағы 3 жылда Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға өсетін болады. Бұл мақсатта бюджеттен 100 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған екен.

2021-2023 жылдары офицерлердің жалақысы 70 пайызға келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскерилердің жалақысы 60 пайызға өседі. Ал 2024 жылдың соңына дейін арнайы күштер әскерилері мен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің барлығы офицер шенін алатын болады.

«Жыл сайын әскерилердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін қомақты қаражат жұмсалып келеді. Қазіргі уақытта 24 мың полиция қызметкері мен 13,5 мыңнан астам әскери қызметшіге тұрғын үй төлемдері беріліп тұрады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күзететін қызметкерлерге жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсету біздің мемлекетіміздің басымдықтарының бірі болып қала береді», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында құқық қорғау органдарына берілетін ең әділ баға – халықтың алғысы екенін атап өтті.

«Тәртіп сақшысы деген абыройлы атқа лайық болу керек. Сіздерге берілетін ең жоғары баға – халықтың сенімі мен алғысы. Ішкі істер органдарының қызметкерлері осы сенімді ақтайды деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

312 млрд теңгенің инвестициясы һәм 40 мың жұмыс орны

Онан соң Президент Тоқаев Алматы облысында орналасқан «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС жұмысымен танысты.

Аталған компания 4,5 гектар аумақты алып жатқан өңірдегі ірі кәсіпорын. Оған 30 млрд теңгеге жуық инвестиция салынған. Компания Жапония, Швейцария және Германиядан әкелінген инновациялық құрылғылар арқылы тез дайындалатын азық-түлік өнімдерін  шығарады. Жылдық көлемі 85 мың тонна. Өнімдерінің басып бөлігі шетелдерге экспортталады. Аталған кәсіпорында ұзын-саны 670 адам жұмыспен қамтылған екен.

Президент Тоқаевқа өңірдің эконмикалық ахуалы жайлы есеп берген облысы әкімі Амандық Баталов мырза, аймақ экономикасына 312 млрд теңгенің инвестициясы тартылып, 40 мың жұмыс орны ашылған. Биылдың өзінде өңірде 112 млрд теңгенің 65 жобасы жүзеге асырылып жатыр екен.

«Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС

Әрі қарай Мемлекет басшысының іс-сапары Алматы облысының Іле ауданында жалғасты. Онда Президент «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС жағармай шығаратын зауытында болды. Аталған кәсіпорын жылына 100 мың тонна жағармай өндірелді екен. Жалпы саны 225 адамды жұмыспен қамтиды. Инвестициялық құны – 94 миллион долларды құрайды.

Онан соң, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Dolce» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын 1998 жылдан бері Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеді. Бүгінде онда 372 адам еңбек етіп жатыр. Кәсіпорын 160-тан астам өнім шығарады. Олардың арасында қазіргі уақытта аса қажет медициналық қолғаптар, үш және төрт қабатты бетперделер, халаттар, дәрі-дәрмектер бар.

Алматы облысының 60 пайыз халқы екпе алған

Облыс әкімінің есебінше, облыс халқының 649 мың тұрғыны екпенің І компонентін, 510 мыңы II компонентін салдырған. Бұл облыс халқының 60 пайызы екпе алған дегенді білдіреді.

Айта кетейік, Алматы облысында ковид індетінің алдын алу үшін атқарылған іс-шаралар аясында 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы салынып, пайдалануға берілген. Қосымша 180 жедел жәрдем көлігі мен 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынған. Облыстағы 17 аурухана оттегі аппараттарымен, төсек-орындардың 45 пайызы оксигенотерапиямен қамтылған.

Іс-сапар соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі атқарылып жатқан іс-шараларға оң баға беріп, вакцинациялау ісін жеделдетуді, эпидемиологиялық жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618