Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
46 - сөз 4874 5 пікір 26 Тамыз, 2021 сағат 16:43

Яндекс таксидің де, пәтердің де иесі қазақ

Яндекс таксидің де, пәтердің де иесі қазақ

Осында іште қалмасын деп, лайк пен пікір жинап алайық, әдемі бір суретімізді қойып жіберіп, пост жазуға жүгіреміз ғой. Ақиқаты осы. Ал енді әңгімеге төтесінен келейін.

Яндекс таксиге тапсырыс берген келіншегімді басқа емес, қазақтың үш бірдей жігіт сандалтып жіберді. Бір емес, үш рет қайталанған оқиға. Айналдырған жүргізушің мәдениетін білмейміз. Айтсаң, ерегеседі, ренжиді. Көңілшектер шетінен.

Алғаш жап-жас жігіт ит қылды. Баратын жерге жетпей, бір көше келіп алғанда, әйелім хабарласса “осында келе сал” деп бұйырыпты. Қарны қампиып ол қалай жетеді ?

Екіншісі өтірік айналдырып, ақша жасап қалудың амалын жасау үшін әйелімді салып алып жүре беріпті. Ол да қазақ! Үлкен кісі.
Үшіншісі кеше ғана, үлкен кісі, “келе сал, дауысыңа қарасам, жассың ғой” депті. Әкеңнің… Яндекс таксиге тіркелген кезде не шегеді осылар?
Пәтердің жыры бір бөлек. Келіншектің аяғы ауыр деп айтып жүріп пәтерде қалдық қой. Оның өзінде үй иесінің қызына айтып жүріп, әйтпесе, көкеме салсаң, әйел сенікі, маған не қыл дейсің дегелі тұр.

Крышадағы бағаларды көріп, жүрегің ауырады. Жердің бір жеріндегі бір бөлмелі пәтер 110.000 теңгеден басталады.

Өткенде өзім яндексте отырып, менімен жасты жігіттің, уатсаптағы серігіне (ол да яндекске жатып алған ғой) “бүгін біреуді қадап кеттім шшс… айналып жүріп алдым деп” әңгімені жіберіп отыр. Тыңдап отырып құсқың келеді. Саудың тамағын жеп, жындының ісін қылатындай қазақтың баласына не көрінді сонша?

Ақшадан өліп бара жатсаң да, ісіңе адал, кәсібіңе жауапкершілікпен қарау керек. Орыстар жарықтық, сенен ештеңе сұрамайды. Үйіңнен алып кетіп, көрсеткен жерге жеткізеді. Ал қазақтың баласы (бәрі емес и) жылаңқы: “мына жерден тастай салайын, осы жер ме, айтпайсың ба…” міне, осы әңгімелері. Осыдан кейін қоғамдағы қазақ қызы сөзі көп, қатынға ұқсайды деп қазақ жігіттерін жерден алып, жерге салып жатса, қай бетіңмен тұрып оған “тіліңді тарт!” деп айта аласың?!

Ұсақ әңгіме көп. Бітпейтін сылтау. Әйтеу айласын асырып ақша табу. Аяғы ауыр келіншектің бетіне қарап тұрып “осы жерден тастап кетем, мен білем ғой” деп зекіп отырған көкеме жұдырық алып жүгірейін бе енді?
Кейде ойлаймын, “менің күйеуімнің кім екенін білесің бе?” деп әйелім айтып отыратындай бір жұмысқа кіріп алу керек еді…

Марғұлан Ақан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1507
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3280
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5795