Жұма, 9 Қазан 2026
Саңлақ 5581 3 пікір 26 Тамыз, 2021 сағат 16:45

Паралимпиада-2020: Қазақстан алғашқы алтынын иеленді

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасы алғашқы алтынын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев Паралимпиада чемпионы атанды.

Ол өзінің үздік нәтижесінде 174 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды.

Күмісті франциялық А. Борлоун, қоланы грекиялық Д. Бакорхристос иеленді.

Айта кетелік, Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан намысын 25 атлет қорғап жатыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 924
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1234