Сенбі, 2 Мамыр 2026
3841 1 пікір 28 Тамыз, 2021 сағат 16:34

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай құран хатым оқылады

Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда.

Адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты олардың рухына бағышталып Құран Хатым дұғасы оқылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 675
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 607