Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
Билік 4719 0 пікір 31 Тамыз, 2021 сағат 19:02

Президент Жолдауы: Қандай жұмыстар атқарылды?

1-қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялайды. Аталған Жолдауда елдің алдағы уақыттағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары талқыға салынбақ. Бұл  Тоқаев мырзаның Президент болған уақыттан бері жасаған үшінші жолдауы болмақ. Ал, бұған дейінгі Жолдаудың тапсырмалары қаншалықты іске асырылды? Біз бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаровтың пікірін білген едік...

- Ермек мырза, осыдан дәл бір жыл бұрын Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған еді. Сондағы тапсырмалар мен артылған міндеттер қаншалықты іске асты?

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауын жариялаған еді. Онда Президент қоғамның барлық саласын қамти отырып, сол бойынша нақты тапсырмалар берген болатын.

Мысалы, аталған Жолдауда Президент мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің санын 2020 жылы 10 пайызға, 2021 жылы 15 пайызға азайтуды тапсырған. Сәйкесінше, 2020 жылы әлеуетті бос жұмыс орындарының толтырылмауына байланысты мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің саны 8,5 пайызға қысқарды. 2021 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Мемлекет басшысына балдық жүйеге көшу бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатқанын баяндады. Агенттік төрайымының айтуынша, аталған пилоттық жоба құжаттар санын 83 пайызға азайтып, толығымен қағазсыз құжат айналымына көшуге, күнделікті жүктемені 53 пайызға азайтуға жол ашатынын айтты.

- Аталған Жолдауда Президент  жаңа ұйымдар құру туралы да тапсырма бергені белгілі. Бұл тапсырма қаншалықты орындалды?

- Иә, Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында жаңа ұйымдар құру жөнінде айтқан болатын. Соның негізінде 2020 жылы Статегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі құрылды. Аталған агенттік стратегиялық жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты әзірлеп, даму жоспарларының іске асырылуына сараптама жасайды.

Сонымен қатар, ол орган мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін әзірлеуге де жауапты болады. Ал, Президент тапсырмасымен 2021 жылы Қаржы мониторнингі агенттігі құрылды. Бұл ұйымның міндетіне – терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасауға, заңсыз кірістерді заңдастыруға, сондай-ақ, қаржылық һәм экономикалық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тергенп тексеру жатады.

- Одан бөлек, өткен жылғы Жолдауда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары жөнінде айтылған болатын. Қазір осының негізінде елімізде қанша азамат өз мәселесін шеше алды?

- Былтырғы Жолдауда айтылған тапсырмаларға сәйкес, Бірыңғай зейнетақы қорына ақша салған азаматтар өз жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, қаржы компанияларының басқаруына беруге пайдалану үшін немесе емделуге жұмсауға мүмкіндік алған болатын. Соның негізінде қазіргі таңда азаматтардың арнайы есеп шоттарында тұрғын үй мәселелерін шешу үшін – 1,6 трлн теңге, емделуге – 20 млрд теңге, инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға – 1,5 млрд теңге аударылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы “Қоғамдық бақылау туралы” заң әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Ол Заң мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларлың қоғамға ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда бұл Заң жобасы талқылану үстінде.

Жалпы, байқап отырғанымыздай, Мемлекет басшысының Жолдауы мен ондағы нақты тапсырмалар қоғамнңы қажеттілігін қаматамасыз етіп отыр деуге толық негіз бар. Аталған тапсырмалар белгіленген мерзім ішінде іске асырылып, қоғам сұранысына жауап беріп отыр.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036