Сенбі, 23 Қараша 2024
Зерттеу 3620 1 пікір 3 Қыркүйек, 2021 сағат 12:41

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ...

Жыл өткен сайын климат өзгеруіне қатысты БҰҰ мен өзге де халықаралық ұйымдардың басқосуы өтеді. Бірнеше мәрте. Барлық сарапшылар климаттың тым жылдам өзгеріп жатқанын айтып, дабыл қағуда. Әрине, оның өз әсері Қазақстанға да тиіп жатыр. Мысалы ауыз су тапшылығы, қардың кей аймақта тым аз түсуі, ұзаққа созылған құрғақшылық. Еуропа мемлекетері де климат өзгеруінің кері әсерін көруде. Әлемде жаһандық жылыну процесі болса, Еуропа құрлығы керісінше мұз құрсауына енуі мүмкін дейді сарапшылар. БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық тобы климаттың өзгеруіне қатысты болжамдар жасады. Ол болжамдар қандай? 

Атмосферада  СО2-ның көп болуы

Атмосферадағы парниктік газдар мөлшерінің 1750 жылдан бастап артуы адамның іс-әрекетімен тығыз байланысты. БҰҰ есебі 2014 жылы шыққаннан бері, СО2 концентрациясы жылына орташа 410 промиллеге дейін өсіп келеді.  Парниктік газдар мен азот оксиді 800000 жылдағы ең үлкен көрсеткішке жеткен. Бұл процесс арта беретіні анық және адамзатты түрлі ауруға шалдықтыратын болады.

Жаһандық жылыну артады

Жаһандық орташа температура 2011-2020 жылдар аралығында индустрияға дейінгі дәуірдегі 1850-1900 жылдар аралығымен салыстырғанда шамамен 1,09 градусқа жылынған. Температура әсіресе Арктикада өскен. Бұл өз кезегінде мұздықтардың еруіне әкеп соғуда. Егер ауадағы СО2 көлемін азайту мүмкін болса, онда ең оптимистік сценарийлер бойынша 21 ғасырда температураның 2 градустан жоғары көтерілуі екіталай. Екінші жағынан, 2041-2060 жылдары 2 градусқа жоғарылауы мүмкін. Сондықтан температураның артуы жалғасып, теңіз деңгейінің көтерілуі жылдамдайды.

Теңіз деңгейі көтерілуде

Теңіздің орташа жаһандық деңгейі 1901 жылдан 2018 жылға дейін 20 сантиметрге көтерілді. Бұл соңғы үш мың жылдағы ең тез көтерілу болып отыр.

Мысалы, 1901-1971 жылдар аралығында су деңгейі жыл сайын шамамен 1,3 мм көтерілса, ал 2006 жылдан 2018 жылға дейін ол қазірдің өзінде жылына 3,7 мм-ге өсуде.

Ең оптимистік сценарийлер бойынша, 2100 жылға қарай су деңгейі қазіргіге қарағанда жарты метрге көтеріледі. Ең нашар жағдайда екі метрге артады. 2150 жылға қарай ол бес метрге көтерілетінін жоққа шығаруға болмайды.

Теңіз суы жылына түседі

Теңіз температурасы 1970 жылдардың басынан бері көтеріліп келеді, бұл адамның іс-әрекетіне байланысты. ХХІ ғасырдың соңына дейін температура ең жақсы жағдайда екі есе, ең нашар жағдайда - сегіз есе тез көтеріледі.

Өткен ғасырда дүниежүзілік мұхит 11000 жыл бұрын соңғы мұз дәуірінен кейін қарқынды жылына түскен.

Солтүстікте теңіз мұзы жоғалады

1979-1988 жылдар мен 2010-2019 жылдарды салыстырғанда Арктикадағы теңіз мұзының төмендеуінің негізгі себебі адам әсерінен болса керек. Теңіз мұзы қыркүйек айында 40%-ға, ал қыс мезгілінен бастап наурызға дейін 10%-ға азайтуын тоқтатар емес. Бұл қарқынмен ғасырдың соңында солтүстік аймақтағы теңіз мұздары толық жоғалуы мүмкін.

2011-2020 жылдар аралығында Арктикадағы теңіз мұзының орташа жылдық ауданы 1850 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін түскен.

Сарапшылар климаттың нашарлауын тоқтату мүмкін емес, алайда баяулатуға болады деп санайды. Ол үшін халықаралық келісімдер толық жүзеге асуы тиіс және оны орындау қалтқысыз болуы шарт. БҰҰ сарапшылары 100 жылдан кейін адамзат мүлде басқа шындықта күн кешетінін жасырмайды. Құрғақшылық, кей аудандарда керісінше жауынның тым көп түсуі мен жағалаулардың су астында қалуы, мұздықтардың еріп, жануарлардың қырылуы орын алатын болады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377