Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3360 4 пікір 6 Қыркүйек, 2021 сағат 14:35

Қанша патриот болса да, тіршілік өзінікін алады

Балаларымызды орыс мектепке неге беріп жатыр? - деген сауал фейсбук желіде қайтадан тарап, небір шайқасқа куә болып отырмыз.

Сонда әртүрлі пікірлер оқыдым. Көбісі сол ата-аналарды сөгіп, намысы жоқ, дүбәра, құлдық психологияға бағынған деп шешім шығарыпты. Кейбір адамдар оның себептерін түсінуге тырысып, өз варианттарын жазды.

1. Орыс мектепте білім сапасы жоғары - деген адамдарды басқалары итше талап, түбіне жетті, арсыз, намыссыз сатқыңдар деп. - Өзіміз қазақша оқысақ та ешкімнен кем емеспіз; ҰБТ нәтижесі бойынша қазақ мектебін бітірген оқушылар жоғары ұпай алады; Ол кеңес заманнан қалған ұғым, казір жағдай өзгерді - деп отыр комментаторлар.

2. Ата-аналары өздері орысша оқып, балаларына қазақша оқуға көмектесе алмаймыз деп, сол себептен орыс мектепке береді - екінші вариант. Оларды да кінәлап, өздерін мақтап, неше түрлі кеңес айтылды.

3. Орыс тіл білмесен, карьера жасай алмайсың, көп жерде орыс тіл міндетті түрде керек - үшінші вариант. Бәріне билік кінәлі, үкіметтегі және биліктегі шенеуниктер көбісі орысша сөйлеп, өздері мемлекеттік тілді құрметтейді - деген пікір білдірді.

4. Қазақ тілі екінші орында қалады, тек халық арасында қарым-қатынас үшін. Бүкіл мемлекеттік құжаттары орысша жазылады, сосын қазақшаға аударылады. Оның себебі - президент әкімшілігінде, Парламентте, үкіметте, министрліктерде, аймақтардың көбінде жоғары денгейдегі жұмысшылар орысша ойлайды, қазақшасы нашар.

5. Тағы да аргумент ретінде басқа ұлт азаматтары айтатыны - бүкіл бизнес, техниқалық құжаттар, заманауи компьютерлік бағдарламалар және қосымшылар - бәрі ағылшын тілде немесе орыс тіліне аударылған. Демек, жастарға қазақ тілі аса қажетті емес. Оған бухгалтерияны косуға болады, 1С тілі бәрі орысша. Шетелдік SAP сияқты ірі компаниялар автоматтандыру және оптимизация жасаған кезде қазақ тілің пайдаланбайды.

Осыны бәрін оқып отырсақ, мәселе прагматизм да болып тұр. Ата-аңалар 10 сабақтан репетитор жалдағанша, бір қазақ тілден репетитор жалдаған дұрыс болар деп, балаларын орыс мектебіне береді.

Мемлекет 30 жыл тіл мәселесін шеше алмай жүр. Қазақтардын саны өсіп, бір күні бәрі қазақша сөйлеп кетеді деген үміт өте зиян.

Адамдар күнделікті пайдаланатын істерде, бизнес болсын, оқу немесе денсаулық және мыңдаған басқа істерде ережелері, құжаттары мемлеметтік тілде дайын болмаса, олар жеңіл дайын жолмен жүре береді. Қанша патриот болсада, тіршілік өзінікін алады.

Келісесіңдер ме?

Асхат Асылбеков

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375