Сенбі, 23 Қараша 2024
3023 12 пікір 7 Қыркүйек, 2021 сағат 10:57

Блэр: Исламизм басты қауіп

"Исламизм - Батыс елдері үшін басты қауіп" деді Ұлыбританияның бұрынғы премьер -министрі Тони Блэр. 

6-қыркүйекте Тони Блэр Корольдік бірлескен қауіпсіздік және қорғаныс ғылыми-зерттеу институтында сөз сөйледі. Оның баяндамасы Институттың сайтында жарияланған.

Блэрдің айтуынша, радикалды идеология мен ол тудыратын зорлық-зомбылық бірінші кезектегі қауіп болып қала бермек. Ол егер әлем қауіп -қатердің таралуын тежейтін күш таппаса, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі шабуылдар қайталануы мүмкін екенін атап көрсетеді.

"Ауғанстандағы заңды режим құлағаннан кейін, әлемнің жетекші елдері исламизмге қарсы келісілген стратегияны әзірлеу үшін бірігуі қажет. Алғашқы талқылауларды негізінен Батыс елдері жүргізетін болса да, Ресей мен Қытай да бұл идеологиямен күресуге мүдделі, және біз мұсылман елдерінде, оның ішінде Таяу Шығыс елдерінің діни экстремизмнен бостандыққа шыққысы келетін біздің ең адал одақтастарымызды таба аламыз", - дейді ол.

Оның айтуынша, Еуропа мен НАТО үшін тағы бір қиындық - бұл АҚШ-тың әскери операцияларын қысқартуға деген ұмтылысы болып отыр. Ол Вашингтонның қолдауынсыз операцияларды жүргізу қабілетін дамыту қажет деп санайды.

"Менің ойымша, соңғы уақыттардың ең үрейлі тенденцияларының бірі-батыстың стратегия құру қабілетінен айырылғанын және қысқа мерзімді саяси мақсаттар ұзақ мерзімді жоспарлауды толығымен алмастырды деген сезім болып отыр. Меніңше, бұл сезім бәрінен де біздің одақтастарымызды алаңдатады және қарсыластарымызға біздің уақытымыз өтті деп сендіреді" дейді бұрынғы Ұлыбритания басшысы.

Ұлыбритания тәлібтермен келіссөз жүргізудің қажеті жоқ деп санайтын елдің бірі. Лондон Ауғанстаннан 15 мыңнан астам ауған азаматтары мен өз жасақтарын эвакуациялаған болатын. Ендігі таңда ҰЛыбритания Ауғанстан жерінен жасалуы мүмкін террорлық қауіптерге алаңдайды.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375