Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2758 0 пікір 12 Шілде, 2009 сағат 18:49

Айнұр Төлендинова.“ҚАЗАҚ КИНО ТҮСІРЕ АЛМАЙДЫ” ДЕГЕНГЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?

Бала кезімізде теледидар алдында каналдарды ауыстырып отырып, шет ел киноларын тамашалайтынбыз. Сол тұстағы қазақтың тек «Перекресток» пен «Саранча» телесериалдарынан басқа ешбір киносы есімде қалмапты. Бұл сериалдардан не бір мән-мағына, не тәрбие беретін жақтары байқалмайды. Сол кездері «қазақ киносы неге шығарылмайды?» деген елден наразылықты көп естідік. Алайда, Рүстем Әбдіраштың «Қаладан келген қыз» фильмі Ресейде өткен «Киношок» фестивалінде «Ең үздік көркемсуретті фильм» бәйгесін жеңіп алғандығын, Серікбол Өтепбергеновтың «Үнсіз үскірік», «Аңшы» фильмдері марапатталғаны және тағы басқалары жайлы құлағдар болып, қуанып қалған едік. Бірақ, олардың бірін де тамашалай алмағанбыз. Сонда ол кинолар не себепті бізге көрсетілмеді? Сөйтіп жүріп мұның да жауабын таптым. Бұларды прокаттау ісі жолға қойылмаған екен. Ал, кинотеатрларда бір киноны бір мәрте қою үшін 800 мың теңге төлеу қажет дейді. Сондықтан, арзанға түсетіндіктен кинотеатрларда шетел киноларын көретініміз осыдан болып шықты.

Өзіміз білетіндей, соңғы жылдары «Жаралы сезім», «Жетімдер», «Дос» сынды кинолар шығып жатқандығы белгілі. Бұлар теледидардан берілмесе де халық арасында кең тараған. Оларға халық сын да айтып, мін де тағуда. Әрине, оның да өз жөні болғаны. Жоғарыда аталған үш фильмнің де мағынасы қоғамның көкейкесті мәселелерін ашып көрсетіп отырғаны рас. Ал, түсіру кезінде өте көп кемшіліктердің кеткені көзге бірден байқалады. Ондағы кейіпкерлерге әлі де болса актерлік шеберлік жетіспей тұрған сыңайлы. Әрі ең бір қанағаттанбаушылық туғызатын жері – кейіпкерлердің жаттанды сөздермен сөйлеуі. Бұлар көрерменге ұнағанды қойып, жалықтырып жіберері хақ. Біреулерінің тіпті қазақша шала білетіндігі айдан анық көрінеді. Ал, осындай олқылықтарын сырт көз қалай сынға алмасын. Әсіресе, «Жетімдер» фильміндегі Айтолқын мен Арманның фильмнің басында бақытты отбасында болған кездегі жап-жаңа мұнтаздай киімдерінің әбден тоз-тоздары шығып, бар азапты тартқаннан соң фильмнің соңында тағы сол киімдерімен жүргендері көңілге сыймайды. Сол сияқты «Дос» фильмінде Думан атты кейіпкер адам өлтіріп алғандығына өкініп, жылағаны шындыққа жанаспай тұрады. Негізінде бұл фильмдерді нағыз кино деп айта алмайсың. Себебі, мұндағы негізгі мақсат оқиғаны баяндап беру тәрізді. Алғашында мағынасына мән беріп, өзіңше бір әсермен көріп шығасың. Ал, енді келесі қайтара көре берсең олқылықтары тіпті шаш етектен екеніне көзің жетеді. Сонда біз нені байқаймыз, актерлардың шеберсіздігін бе, әлде бізде осы өнердің әлі жетілмегендігін бе? Ал, шеттен келген азамат нені байқайды, бізде кино өнерінің артта қалып жатқандығын ба, әлде кадрлар мен қаржының жетіспеушілігін бе? Бұлардың да өз жауабы бар. Біз, әрине, кейіпкерлер дұрыс ойнай алмады дер едік. Егер олардың нағыз маман емес, тек өнер мектептерінде оқитын жастар екенін ескеретін болсақ, онда бұл фильмдер олардың өнерге деген талпынушылықтары екеніне куә боламыз. Ал, шеттен келген адам осындай қазақ киносын көре отырып, оның әлі жетілмегендігін бірден байқар еді. Оның себебі, кадрлар мен қаржының жетіспеушілігі болып отыр. Осыдан біздің көкейімізде «кино өнерін кім жетілдірер екен» деген сауал туындайды. Біздің елде де өнерлі жастар көп. Бірақ олардың шырағын жаға алмай жатқанымызға кім кінәлі? «Қазақ кино түсіре алмайды» дегенге сенуге бола ма? Сонау «Аманкелдіден» бастап «Тақиялы періште», «Алдар Көсе», «Қыз Жібек», «Менің атым - Қожа» сынды фильмдер бізде осы өнерді дамытуға болатындығын дәлелдеп бергені анық. Жастар арасынан Шәкен Айманов сынды азаматтар қашан шығады, оларға қоғам қай кезде демеу болады? Мұндай сұрақ біреуді мазаландырса, екіншілерді ол мүлде ойландырмауы мүмкін. Бірақ көпшілік қазақ киносының ақсап жатпай, өз аяғынан нық тұруын қалайды. Елімізде өзге елдердегідей кино өнері алдыңғы қатарға қойылып, арнайы мамандар мен кадрлар даярлауға қомақты қаржы жұмсалып, өнердің осы саласын жетілдіре түссек деген ой келеді. Дегенмен, киноны ұнатпайтын пенде жоқ. Қазақ өзінің туындыларын көргісі келмей ме, оның ары қарай дамуын қаламай ма?! Қазақ фильмдерін шетелдіктер қойған кезде оның айтар ойы да, берер тәрбиесі де мүлде өзгеріп шыға келеді. Тіпті голливудтық керемет актерлар ойнаған «Көшпенділердің» өзі де ұлтымыздың өзіне тән қасиеттерін бұзып, шетел шытырмандарына еліктеп кеткен тәрізді. Сонда біз өз киномызға тән қасиетті қашан қалыптастырамыз? Өзіміз шыңдалмай жатып, тарихымызды таныту мақсатында қаржы жұмсап, шала-шарпы бұл іске кірісе жөнелгеніміз біздің әлемдік деңгейден қалысқымыз келмегендіктен шығар. Біздің әлі нағыз кино түсіре алмай жатқанымыз шындық. М.Әуезов «Абай жолын» әлемде қазақты танысын деп емес, қазақ өзін-өзі, Абайды танысын деп жазды. Сонда біз өз тарихымызды әлем білсін деп емес, өзіміз білейік деп неге кино түсірмейміз?
Біз қашанғы сапалы киноларымызды қаржының жетіспеушілігі салдарынан көре алмай, көретін киноларымыздың олқылықтарын сынаудан аса алмаймыз. Қашанғы теледидардан шетелдік сапасыз мелодрамалар мен атыс-шабыс фильмдерін тамашалаймыз? Соңғы жылдары түрік пен корей кинолары да көбейіп кетті. Кино - ұлттың айнасы емес пе! Біз өз ұлтымызға өзіміз тәрбие беретін, мақтан тұтатын «нағыз қазақ киносын» тезірек көрсек деп армандаймыз.

Айнұр Төлендинова. Өскемен
“Дидар” облыстық газеті (Өскемен)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443