Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4442 5 пікір 13 Қыркүйек, 2021 сағат 12:55

Қазақ, өзімізді өзіміз қорғамасақ жағдайымыз қиын

Геосаясат үшін екіұдай жаңалықтың құлағы қылтияды. Басынан бастайық.
Украина президентінің АҚШ-қа сапары негізінен жаман аяқталмапты. Әрине, Зеленский командасы АҚШ-пен, Байденмен кездесуді үлкен жетістікке балап, алайда АҚШ кездесуді бірнеше рет кейінге қалдырып, Зеленскийді ыңғайсыз жағдайға қалдырған реті бар. Оның үстіне әуежайда қарсы алу да Зеленский күткендегідей болмай шықты.

Орыстарда "не было бы счастья, да несчастье помогло" деген сөз бар. Ауғанстаннан АҚШ әскерінің шығарылуы Байденнің беделін біраз төмендетті. Осындай жағдайда АҚШ енді Украинаны төмендетіп жатуды артық санады, сөйтіп күтпеген жерден Украинаға көмек көрсетіп оны қолдаған дұрыс деп шешіпті Байден. Сөйтіп, бұрынғы көмектерден тыс тағы да 60 млн доллар көмек берілетін болды. Одан басқа, кездесу барысында реформаларды жүзеге асыру үшін тағы да 463 млн доллар бөлінетін болды. Ол үшін Украина транформация жасауға үлкен амбициялық жоспар жасап жүзеге асыратын болды, онда адам құқы, демократиялық институттарды одан әрі дамыту қарастырылуы қажет. Обшым, Украинаға көрсетіліп жатқан көмектің шеті жоқ, әзірге Украина тарапынан тек құрғақ уәделер ғана бар. Ол уәделер жүзеге аса ма, жоқ па - әзірге белгісіз, нәтижесін алдағы күзде, келесі жыл басталғанға дейін көретін боламыз.

Сондай-ақ Зеленский командасы келесі мерзімге сайлануға қолдау дәметіп, ондағылардың тамырларын басып қарапты, бірақ әмірикалықтар да қу ғой, ол тақырыпқа тактично үндемепті.

АҚШ-та Беларусь туралы да мынадай пікірлер бар екен - Лукашенко өзінше әртіс, ұзақ жылдар бойы көпвекторлы саясат деп Батыстың басын қатырып келді, бірақ билік қолынан сусып шығып бара жатқан бойда Ресейдің қоластына кіріп, бүкіл Беларусьті сатып кетті, Беларусь аймағының губернаторы болуға да бейіл дейді екен. Алайда АҚШ Ауғанстаннан кетті, Беларусьті РФ жұтып қойды, енді Украинаны өлсе де Ресейге бермейді, бұл принципті мәселе дейді екен.

Енді екіұдай жаңалық дегенімізге келейік. Бізде де көпвекторлы саясат деп сырт көзге елдің бәрін алдап келген, бірақ жеме-жемге келгенде бізді РФ-ға сатып кетіп отырған біреулер бар, бұл жөнінде Лукашенкодан айырмамыз шамалы. Алайда маған ұнамай тұрғаны - РФ Беларусьті жұтып қойды дегені. Сонда оны жұтқызып қойып АҚШ қарап отыра бере ме? Еуропаның ортасындағы Беларусь жұтылса, Еуропаның қиыр шетіндегі бізді ешкім де қорғамайтын болғаны ғой? Біреулерге жұтылып жатырмыз ба, жоқ па - басқаларға бәрібір болғаны да. Ендеше, қазақ, өзімізді өзіміз қорғамасақ жағдайымыз қиын-ақ.

Қуаныш Еділхантегі

Abai.kz

 

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475