Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3034 0 пікір 12 Шілде, 2009 сағат 18:50

Бодаухан Тоқанұлы. БІЗ ЗИРАТ КҮЗЕТШІСІ ЕМЕС, 50-60 ОТБАСЫЛЫҚ ҚОРАЛЫ АУЫЛМЫЗ

Бұл ауыл Ахмер елді мекенінің іргесіндегі мұсылмандар зиратының тау жақ қарсысына орналасқан. Бір шеті «Металлург-5» саяжайына ұласып жатыр. 2006 жылға дейін небәрі он шақты үйлі осы жазық соңғы үш жылда Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай сияқты қазақ аудандарынан, тіпті, Өзбекстаннан, Моңғолиядан көшіп келгендерге лық толды.
Семей трассасына бүйрегі тиіп тұрған ауылдың арғы шеті екі шақырымға созылып жатыр. Қазір 50-60 отбасы, 200-дей жан саны болса да әлі күнге ауылда да, көшелерінде де атау жоқ. Бұдан екі жылдай бұрын телеарнадан берілген Түркияның оқшауланып қалған бір ауылындағы оқиға жайлы «Қыналы қар» атты сериалдан кейін тұрғындар өздерін соған ұқсатып, «қыналы қарлықтар» деп атап кеткен.
Жарық пен су - жарым жартылай. Жол атымен жоқ. Тұрғындар қала орталығына бару үшін қыс бойы ашасынан қар кешіп, жаз бойы толарсақтан саз кешіп ит тірлік кешуде. Әсіресе, мектеп оқушыларына обал-ақ. Ақ қар, көк мұзда бір қиырдағы әскери қалашықтағы мектепке бару үшін қарға омбылап, жол бойына әрең жетеді. Тұрғындар қар қалың түскен кездері қатынассыз қалып, өз күштерімен қар күрейтін машина жалдайды. Өйткені, бұл ауылға баратын жолды күреуге қаржы бөлінбеген. Тек өткен қыста Меновное ауылына жаңа әкім келгеннен соң басқа жолдарға бөлінген қаржыдан ауыстырып, бірнеше рет күретіп берді.

Ел көлемінде қала тұрғындарына үй салуға арнап жер телімін берудегі былық-шылықтардың беті ашылып, бұл кемшілікті ретке келтіру мәселесі өткір қойылған өткен жылы Президент Н.Назарбаев тұрғындарға жер телімін бермес бұрын ол жердің ауыз су, жол, жарық сияқты инфрақұрылымын толық шешу жөнінде қала басшыларына, қатысты мекемелерге қатаң тапсырма берген кезде осы ауыл тұрғындары да, бәрекелді, көзіміз енді ашылар деп бір қуанып қалған-ды. Бірақ, бұл тапсырмаға құлақ асқан басшыны Өскеменнен көрген жоқпыз. Жекелеген адамдар басшыларға тікелей жолығып, өтініш білдірді, ауыл әкімі де аз жүгірген жоқ. Жыл сайынғы әкімдердің есеп беру жиналыстарында да үнемі айтылып келеді.
- Мен бар ғұмырымды жол, көпір саласында өткізген адам тұрғысында күре жолға тиіп тұрған, бас-аяғы екі шақырымнан аспайтын осы жолға жан ауыратындай қаржы кетпейтінін айтып, облыс әкімінің орынбасары Александр Ширшов мырзаға да кірдім, - дейді Кәленіп Ыбырай ақсақал, - ол кісі мені жылы қабылдап, «істі Өскемен қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесінің жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырма берілді, сол ұйым шешеді» деген жауап берді. Бұл бөлімшенің басшылары да мені қабылдап, сурет-жобаммен танысып, биылғы жылы болмағанда тас жол төселетінін айтты. Өтінішімнің елеусіз қалмағанына разы болдым. Бір нәтиже шығар деп сеніп отырмын, - дейді.
Ақсақалдың сөзінен соң біздің көңілімізде де үміт оты жанып, дәл қашан, қандай шара қолданылатынын білмекке аталмыш бөлімнің басшыларына хабарластық.
- Ол кісінің өтініші жайлы білмейміз, біз жоспар бойынша биыл қала шетіндегі біраз ауылдарға тас жол төсейміз, бірақ бұл жоспарда сіздер айтқан ауыл жоқ, - дейді осы Өскемен қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесінің жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары Ернар Мәулетханов.
Тіршілік көзі - су мен жарық мәселесі де оңып тұрған жоқ. Ауылдың әскери қалашыққа тартылған канализация жүйесіне жақын орналасқан бөлігі аулаларына өз күштерімен ауыз су енгізіп алған, шалғайдағылары су азабын әлі тартып отыр. Ал, тұрғындардың бір жартысы баспаналарына жарық жеткізе алмай екі жыл бойы сандалып жүр. Әркім пайда үшін жүгіретін нарық заманында бұл ауылдарды жарықпен қамтамасыз ететін “ВК РЭК” акционерлік қоғамының көрсетіп отырған қызметі көңілден шықпайды. Екі жыл арттарынан ерген тұрғындардың тілегін әлі де толық қанағаттандыра алмай отыр. Жарықсыз отырғандар жетерлік. Олардың уәжі: бұрынғы шағын ауылға арналған трансформатордың күші жетпейді. Рұқсат алғандарының өзі бірінің бағасы 10 мың теңге тұратын бетон бағаналарды осы компаниядан сатып алуға қалталары көтермей дал болып жүр.
Міне, Ахмер ауылының бір бүйрегіндегі көзге шыққан сүйелдей шағын ауылдың, шағын ауыл емес, қоралы қауымның күллі әлем өркениет өріне озған XXI ғасырдағы көріп отырған күні осы.
Мұндай жадау тірлік Өскеменде тек осы ауылда ғана екен деп ойламаңыз. 250-дей түтін саны бар 23-ықшам аудан, оның қарсысындағы ашылуы өткен жылы салтанатпен тойланған 22-ықшам аудан, әскери қалашықтан бергі ауылдар дегендей, бір Меновное ауылына қарасты бірнеше елді мекеннің инфрақұрылымы толық шешімін таппай, талай жылдарды артқа тастады.
Осы тұста, шіркін, басшылар қаламызда азшылық болып отырған қазағымыздың санын молайтудың бір жолы - келгендерді кеудесінен итеріп, кедергі жасамай, құшақ жая қарсы алып, орнығуына оңтайлы жағдай жасау екендігін неге ескермеске деген ойға қаласыз. Тіпті, олардың осылайша шетқақпай көріп отыруының астарында ауылдан келдің деп алалаушылық жатқан сияқты сезіледі. Әйтпегенде, бұл соншалықты шешімі табылмайтын, қыруар қаржы тілейтін мәселе емес екені белгілі. Оның сыртында Елбасының өзі үй салуға жер телімін берсең әуелі инфрақұрылым мәселесін шешу жөнінде шенеуніктерге шегелеп тұрып тапсырма берді емес пе!
Президент тапсырмасы қашан орындалмақ?

Бодаухан Тоқанұлы, Өскемен
“Дидар” облыстық газеті (Өскемен)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437