Сенбі, 23 Қараша 2024
3309 0 пікір 14 Қыркүйек, 2021 сағат 14:22

Өзбекстан барлық ауған азаматтарын елден шығарды

Өзбекстан аумағынан Ауғанстанның бұрынғы үкіметінің әскери қызметшілері мен бейбіт тұрғындарын эвакуациялау аяқталды.

"Ауғанстандағы белгілі оқиғаларға байланысты бұрынғы әскери қызметкерлер мен Ауғанстанның бейбіт тұрғындарының тобы Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтіп, ұсталды. 12-13 қыркүйекте Өзбекстан аумағында болған барлық ауған азаматтары басқа елге шығарылды",-деді Өзбекстан СІМ ресми өкілі Юсуп Кабулжанов.

Термезден арнайы рейспен ауған азаматтарын Дохадағы американдық әскери базаға көшіру басталды. Бұл туралы АҚШ пен Өзбекстан үкіметтері келіскен. Wall Street Journal-дың хабарлауынша, бұл - Талибан билік басына келгеннен кейін отбасымен бірге ұшақтар мен тікұшақтар арқылы Өзбекстанға қашып кеткен Ауғанстан Әуе күштерінің ұшқыштары. Олардың саны 585 адамды құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5448