Владислава Челахтың анасы «Пусть говорят» бағдарламасына қатысқысы келеді
Владислав Челахтың анасы «Пусть говорят» бағдарламасына қатысқысы келеді деп жазды "Қазақстан жаңалықтары"
15 адамның өліміне күдікті Владислав Челахтың туыстарына ресейлік «Пусть говорят» ток-шоуынан шақыру келген болатын. Өткен жексенбіде олар Мәскеуге ұшуға тиіс болатын, бірақ мүмкіндік болмай қалды.
«Бағдарламаны ұйымдастырушылар бізге хабарласты», - дейді Владтың анасы Светлана Ващенко. - «Олар бізді шақырды, Владтың оқиғасын айтып беруді сұрады. Жол шығынын өздеріне алатынын айтты, бірақ кейін бір жағдай болған секілді, олар хабарсыз кетті, ешкім хабарласпады. Сондықтан, біз ол жаққа бара алмадық. Мен бұл бағдарламаға қатысқым келеді, бұл менің ұлыма көмегі тиер еді деп ойлаймын».
Бұрын қазақстандық БАҚ-қа сұхбатында Владиславтың атасы Владимир Челах «Пусть говорят» бағдарламасында бұл мәселені талқыламауға шешім қабылдағанын жеткізген болатын.
Дереккөз: newskaz.kz