Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3460 0 пікір 20 Қыркүйек, 2021 сағат 17:07

Тағы тыйым. Неге?

2021 жылдың сәуір айында Қазақстан билігі көлікпен мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салған еді. Ел билігі мұндай шешімін ішкі нарықты дефициттен сақтау мақсатында жасағанын айтқан болатын. 

Көктемгі бұйрық бойынша елден 6 ай бойы автокөлік арқылы дизельді жанармай жіне басқа да мұнай өнімдерінің ТН ВЭД ЕАЭС 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 түрлерін сыртқа шығаруға тыйым салған еді, ал ТН ВЭД ЕАЭС 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 май түрлеріне аталмыш бұйрықтың қатысы болмады.

Техникалық талаптарды сақтаған көлік жасаушы зауыттар мен жекелеген 20 литрдан аспайтын құйылмалы құрылғылар арқылы шығаруға тыйым салынбады.

Енді аталмыш тыйым уақытын мемлекет тағы да 6 айға созбақ. Аталмыш бұйрықты бірлесе отырып енгізген. Бұйрық Ашық НҚА-да жарияланды. Онды былай делінген.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген және техникалық шарттарға сәйкес орнатылған бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0,
2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдары техникалық шарттарының стандарттарына сәйкес келмейтін және автомобиль көлік құралдары техникалық сипаттамаларының стандарттарына сәйкес келмейтін автомобиль көлік құралдарының бензин бактарында және 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.

4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау жән еөңдеу департаменті осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету қажеттілігі жөнінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.

5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аталмыш құжат Ашық НҚА-да 10 күн тұрады. Сарапшылар мұнай өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салудың басты себептері ішкі нарықты үш мұнай өңдеу зауыты шын мәнінде қамтамасыз ете алмай отырғандықтан дейді.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385