Жұма, 22 Қазан 2021
Жаңалықтар 597 0 пікір 20 Қыркүйек, 2021 сағат 17:52

TEDx форматындағы кездесу: жастарды әлеуметтендіру жобасы

16 қыркүйек «Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру (NEET категориясы)» жобасы аясында TEDx форматындағы кездесу өтті.

Іс-шараның спикерлері ретінде «QazAlliance» шет елдегі қазақстандықтар бірлестігі президенті  Әлішер Тұрсын, Радио ORDA FM жүргізушісі Майра Төлепберген, BTS Educatiuon консультаты Бауыржан
Абуов
және «EVEREST» волейбол клубының жетекшісі  Әділет Доқтырбек қатысты.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және жастар өзін-өзі қай салаларда белсенді дамытуы керектігітуралы; PR және медиа-менеджмент және олардың жұмысқа орналасудағы рөлі туралы; жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары және т. б. жайында сөз болды.

Жоба сарапшысы А.Буркіталин: «Жоба NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру мен дамыту жобасы аясында ұйымдастырылды. Іс -шара барысында біздің спикерлер мансап пен жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті. Бұл кеңестер жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандырады деп ойлаймын. Спикерлер жастарға өз өмірінде табысты адам болу үшін өзіне және өз мүмкіндіктеріне сенуге көмектеседі.

Кездесу NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеялармен бөлісу мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон саябағында ашық аспан астында өтті.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік қорымен «Jas Otan» Жастар Қанатымен бірлесіп жүзеге асыруда.

Abai.kz

0 пікір