Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
3996 9 пікір 29 Қыркүйек, 2021 сағат 13:07

"Спутник-V"...есік жабық

АҚШ қараша айынан бастап вакцина қабылдағандарды елге кіргізу тәртібін өзгертетінін мәлімдеді. АҚШ жеріне ДДСҰ мойындаған вакциналарды алған жандар еркін кірсе, басқа вакцина алғандар кіргізілмеуі мүмкін.

Қыркүйек айында АҚШ барлық вакцина қабылдаған туристерді елге кіргізетінін мәлімдеді. Қазір АҚШ-қа 14 күннің ішінде Иран, Ұлыбритания, Ирландия, Бразилия, Үндістан мен ОАР және Шенген аймағында болған азаматтар кіре алмайды. Себебі аталмыш елдерде вирус өршіп тұр. Бұл тізімде Қазақстан жоқ, сондықтан қазақстандықтар еркін түрде виза және ПТР тест арқылы АҚШ-қа саяхаттай алады. Әзірге.

Қыркүйектің басындағы ереже бойынша АҚШ-қа кез келген елден ұшып келуге болатын. Ол үшін бар болғаны вакцина сертификаты, үш күн ішінде жасалған ПТР тест көрсетсеңіз болғаны, тіпті АҚШ-та карантинге де жабылмайтын едіңіз.Тек қана Канада мен Мексиканың құрлықтың шекарасынан өту мүмкін емес еді. Алайда аталмыш ережелер 27-қыркүйекте өзгерді.

27 қыркүйек күні АҚШта пандемиялық саясатты реттеу бойынша басшы Джефф Зайенц енді тек қана ДДСҰ мойындаған вакциналарды қабылдағандар ғана елге кіруі мүмкін екенін, ол бойынша әлі нақты шешім шықпағанын айтты. Шешімді коронавирусты бақылау орталығымен біріге отырып қабылдамақ.

Ал 28 қыркүйек күні ДДСҰ өкілі Маргарет Харрис вакциналарды мойындау бірнеше кезеңнен тұратынын және тексеру барысында вакцинаның кері әсері, қауіпсіздігі, жасалу процесі мен нақты ауруды тежеу әсері зерттелетінін айтты.

Қазіргі таңда ДДСҰ мойындаған вакциналар қатарында жеті вакцина бар. Олар Moderna (АҚШ), Pfizer/BioNTech (Германия/АҚШ), Johnson&Johnson (АҚШ), AstraZeneca (Швеция/Ұлыбритания), Covishield (AstraZenecaның үнділік түрі), Sinopharm және Sinovac (Қытай).

Ал Қазақстанда қолдануға рұқсат етіліп, ресми тіркелген бес вакцина бар. Олар QazVac (Қазақстан), Sinopharm (Hayat Vax), Sinovac, "Спутник V" және  "Спутник лайт" (Ресей). Халықтың басым бөлігі "Спутник V" вакцинасын алған. Оның басты себебі Үкімет 10 млн доза аталмыш вакцинаны сатып алып, ұзақ уақыт бойы халыққа таңдау мүмкіндігі берілмеді. Қытайлық және отандық вакциналар саны тым аз болды және тез таусылып қалды. Егер АҚШ-та аталмыш өзгерістер жақын арада бекітілетін болса, онда Қазақстаннан тек қана Sinopharm мен Sinovac өнімдерін алған жандар ғана АҚШ-қа бара алмақ. Естеріңізде болса соңғы екі айда Sinopharm компаниясының VeroCell атты 4 млн доза вакцинасы жеткізілді. Министр Цой болса әлі берген уәдесін орындамай, Pfizer/BioNTech өнімдерін елге әкелу жолын таппады.

АҚШ-тағы өзгеріске Ресей халқы наразылық білдіріп жатыр. Ресей билігі "Спутник V" әлемдегі коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина болса да, оны ДДСҰ тіркемей отырғанына наразы. Спутникті тіркеу жұмыстары 2021 жылдың көктемінде басталса да, тіркеу жұмыстары тым баяу жүруде. Ал 2021 жылдың 15 қыркүйегінде ДДСҰ Спутникті тіркеу жұмыстарын тоқтатқанын мәлімдеді, себебі вакцинаны шығарушы фаблика ДДСҰ инспекциясынан өте алмаған. Қателіктерді жөндеуге Ресейге кемі алты ай уақыт қажет.

Қазақстан да өз вакцинасын ДДСҰға тіркету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдағы алты ай ішінде отандық вакцинаны тіркеу жұмыстары өз нәтижесін беруі мүмкін. Үш кезеңдік тексерудің алғашқы екі кезеңінде қазақстандық вакцина өз тиімділігі мен қауіпсіздігін көрсеткен.

Abai.kz

 

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1527
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3308
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5939