Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 4059 0 пікір 5 Қазан, 2021 сағат 15:43

Вакцинация: «жақтайтындар мен даттайтындар»

Коронавиурс пандемиясымен күрес бойынша азаматтық штаб «Вакцинация «Жақтайтындар мен даттайтындар» атты әлеуметтік сауалнама нәтижесімен бөлісті.

Коронавирус пандемиясына қарсы «Ел үшін егілемін» азаматтық штаб өкілдері Қазақстанның барлық өңірі мен республикалық маңызы бар қалалар бойынша 18 жастан асқан 2 559 респонденттен тәуелсіз әлеуметтік сауалнама алды.

Бұл зерттеу ел тұрғындарының басым бөлігі, атап айтқанда, сауалнамаға қатысқан 65,6%-ының коронавирус инфекциясымен ауырмағанын дәлелдей алады. Дегенмен 3%-ы COVID-19 жұқтырып, госпитализацияланған (ПТР тестілеу кезінде вирус анықталған), ал респонденттердің 21,4%-ында вирус белгілері болған, алайда, олар ПТР тестін тапсырмаған. Бұл кейбір азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі жоқтығынан хабар береді. Заңгер, Нұр-Сұлтан қаласындағы Заңгерлер одағы филиалының төрағасы, азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамалов Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерін сауалнама нәтижесімен таныстыру кезінде зерттеу сұралғандардың жалпы екпе мен COVID-19-ға қарсы вакцинаға деген көзқарасындағы айырмашылықты байқауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Мысалға, сауалнамаға қатысқандардың 11,9%-ы жалпы екпеге қарсы болса, ал 24,2 пайызы COVID-19 вакцинасына қарсылық танытқан. Сұралғандардың 69,6 пайызы жалпы екпеге, ал 58,5 пайызы COVID-19-ға қарсы вакцинаны қолдаған. Жалпы вакцинацияға респонденттердің  18,5 пайызы, ал COVID-19-ға қарсы екпеге 17,4 пайыз бейтарап пікір білдірген. Осылайша, Қазақстанда вакцинацияны насихаттау және қолдау бойынша қоғамдық қозғалыстың жариялаған тұрғындардың 75 пайызын егу туралы мақсаты қолжетімді екенін байқауға болады. Өңірлер бойынша айтатын болсақ, COVID-19-ға қарсы вакцинаға қарсылық танытқандар саны бойынша Солтүстік Қазақстан (46%), Атырау (37,8%) және Алматы облысы (35,2 пайыз) алда. Коронавирусқа қарсы вакцинаны қолдаушылар бойынша Түркістан облысы (7,1%), Батыс Қазақстан облысы (10,8 %) және Жамбыл облысы (11,8%) көш бастап тұр. Осылайша, Түркістан облысы вакцинациялау бойынша алға шығып, коронавирус инфекциясы бойынша «жасыл» аймаққа ауысты.

Сауалнама нәтижесі бойынша, ҚР ДСМ алдағы уақытта COVID-19-ға қарсы вакцинаға сенім төмен аймақтарда ақпараттық жұмысты қалыпқа келтіруге дайын.

Жүргізілген сауалнамадан шыққан маңызды нәтиже – COVID-19-ға қарсы вакцина қауіпсіз. Тек 2 пайыз респондент вакцинаның денсаулыққа ұзақ жанама әсері барын атап өткен (3 күннен аспайтын уақыт).  Әлеуметтік сауалнама нәтижесімен БАҚ өкілдерін толығырақ азаматтық штаб мүшесі Серік Беркамал таныстыра алады.

Қосымша ақпарат:

2021 жылдың 3 тамызы күні Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күрес бойынша «Ел үшін егілемін» Азаматтық штабы құрылды.

Азаматтық штабтың мақсаты – COVID-19- ға қатысты барынша шынайы ақпарат таратып, азаматтарды вакцина алуға үгіттеу.

Ұйымдастырушлар елімізді қалыпты, ковидке дейінгі өмірге қайтаруды мақсат етіп отыр. Ал бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, халықтың 70-80 пайызын егу арқылы ғана коронавируспен ауырғандар мен көз жұмғандар санын азайтқан кезде ғана мүмкін болмақ.

Халыққа шынайы вакцина туралы ақпарат таратуға қол ұшын бермек белсенділер арасында Вячеслав Локшин, Жібек Жолдасова, Рафаил Розенсон, Динара Сәтжан, Рахым Ошақбаев, Әсел Қараулова, Саида Тәукелева, Майра Измайлова сияқты тағы басқа белгілі медицина мамандары, кәсіпкерлер, азаматтық қоғам белсенділері, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар бар. Бастамашыл топқа 200-ден астам жоғары кәсіби мамандар кірді. Олар өз білімдерін, кәсіби тәжірибелерін және басқа да ресурстарын елді вакцинаға қатысты хаостан шығару үшін жұмсауға дайын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568