Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2811 0 пікір 19 Мамыр, 2012 сағат 08:38

Өңір басшысының бастамасымен дүниеге келген акция: «Туған жерге тағзым»

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасы бойынша дүниеге келген «Туған жерге  тағзым» акциясы бойынша соңғы екі жылда ғана Кенді Алтайдың еліміздің әр түкпірінде жүрген қалталы азаматтары 17 миллиард теңгеге әлеуметтік ғимараттар салып, жерлестеріне сыйға тартқан. Көпшілікке қуаныш сыйлайтын игі бастама биыл да жалғасын табуда.

Жақында ғана өңір басшысы Көкпекті ауданына сапары кезінде Бастаушы ауылында болып, жаңадан бой көтерген 250 орындық жаңа мешіттің ашылуына қатысты. Ал оны өз қаржысына соңғы бес-алты жылда облыс аймақтарында онға тарта мектеп салып берген «Құмаров және компания» ЖШС-нің басшысы Манарбек Құмаров тұрғызды.

Кең де жарық, қатымханасы және науқан өткізуге барлық жабдықтары бар мешіттің салтанатты ашылуында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өңіріндегі өкіл имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы, зейнеткер ұстаз Шолпан Азаматқызы сөз алып, іскер азаматқа алғыстарын жеткізді. Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Фрунзе Жақсылықов ақ батасын берді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470