Жаңауылда ауызсу жүйесі жаңартылып жатыр
Тарбағатай ауданының алыстағы Жаңауыл ауылындағы ауызсу жүйесі қайтадан толық жаңартылып жатыр. Құрылысқа аудандық бюджеттен 106 миллион теңге қаржы бөлініпті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.
Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген ауыз-су жүйесінің содан бергі уақытта күрделі жөндеу көрмей, әбден тозығы жеткен болатын. Тіпті, оның көп бөлігі пайдаланудан мүлде қалғандықтан тұрғындары таза судың зардабын тарта бастаған еді. Тұрғындар енді ол қиындықты ұмытатын болды. Құрылысты қолға алған «Бота» жауапкер-шілігі шектеулі серіктестігінің мамандары қазір жұмысты қызу қолға алып, қарқынды түрде еңбек етіп жатыр. Олар көшелерге құбыр тартумен бірге сорғы орнатып, су жинайтын резервуар да салмақ. Сөйтіп, ауылдағы су жүйесі толығымен жаңармақ.
- Осы қарқынмен алдағы тамыз айында жұмысты толық аяқтауды көздеп отырмыз, - дейді осы орайда Ақжар коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнының директоры Әбдрахман Қарихожин.
"Абай-ақпарат"