Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3178 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 12:08

«Күнмен емдеушілер» құрықталды

Атырау облыстық прокуратурасының БАҚ өкілдеріне арналған кезекті брифингі екі тақырыпты қозғады. Оның біріншісі –«Алла-Аят» және «Ата жолы» ЖШС-нің заңсыз әрекеттері болса, екіншісі облыстағы табиғат қорғау заңнамаларының сақталуы. Брифингті облыс прокурорының орынбасары Мұрат Төлеубаев жүргізді.
«Алла-Аят» және «Ата жолы» («Ақ жол») деп те аталады, қозғалыстары жақында созылмалы, ауыр дерттерден зардап шеккен науқастарды күн сәулесі арқылы емдемек болған жалған ілімдері арқылы әшкере болып, жұрттың жағасын ұстатқан еді. Ол академик Фархад Абдоллаевтың ілімін өзінің негізіне алып, науқас жандарды, соның ішінде, нашақорлар мен маскүнемдерді де, дәрісіз, ауыртпай құлан-таза айықтыратын болған-мыс. Құзырлы органдар тиым салғанша талайды қармағына түсіріп, қалтасын қампайтып үлгерген алаяқтардың «еміне» қазір психотехнологияны қолдану арқылы адамдардың жүйкесіне күш түсірді деген айып тағылып отыр. «Күнмен емдеу» әдісінің де салдары жетіп-артылады. Медициналық сараптамаға сүйенсек, «күн сәулесін тіке көз жанарына түсіруден көздің алдыңғы және артқы бөлігінің бүлінуі, яғни, электроофтальмия, көздің ішкі тор қабығының күюі, хориоретенит аурулары пайда болған».

«Ата жолы» бірлестігі Жарғысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындарына туристік сапарлар ұйымдастыруы керек екен. Іс жүзінде, оның әрекеті заңға бірнеше жағынан қайшы келеді. Біріншіден, ол басқа облыстардағы «аталардың» басына барып, сиынуды ұйымдастыратын болды. Екіншіден, өтірік емдеу, әруақпен тілдесу арқылы құранды түсіндіру сияқты әрекеттерге бара бастады. «Әруақтардың басына» барғандардың әрқайсысы 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін төлеген және бірде-бірінің қолына қаржысының қайда кеткені жайлы бір жапырақ қағаз да берілмеген. Оның үстіне, «тазару» және «айығу» үшін «атаның басына» бірнеше рет бару керек деп ұйытқан ұйымдастырушылардың олардан үсті-үстіне ақша алғаны анықталып отыр. Тағы бір дерек, өздерін пайғамбар есебінде көрсеткен ағым жетекшілерінің көпті түнде космостан энергия алатынына иландырып, ел ұйқыға жатқанда «орда» жиналыстарын өткізгендері жайлы деректер бар. Прокуратура өкілдері бір қарағанда шала сауатты жандардың тірлігіндей көрінетін іске көбіне-көп күйзеліс немесе қайғы-қасірет үстіндегі адамдар ұрынып қалған деп түсіндірді.

«Атырау» газеті 18.05.2009 жыл
http://ag.atyrauakparat.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456