Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2282 0 пікір 12 Шілде, 2009 сағат 19:48

Назарбаев Қазақстандағы интернет-ресурстарға бақылауды қатайтатын заңға қол қойды

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады сенбі күні президент баспасөз қызметі. Заңның мәтіні басылымдарда жарияланды. 

Баспасөз қызметінің бағалауынша, заң «еліміздің территориясында ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы ақпарат таратуға байланысты қарым-қатынасты мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіруге» бағытталған.

Бұл ретте, құқық қорғау ұйымдары мен БАҚ өкілдері аталған заңның қабылдануына бірнеше рет қарсылық білдіріп, парламентарийлерге жүгініп, ал президент Нұрсұлтан Назарбаевтан заңға вето қоюын өтінген болатын.

ЕҚЫҰ да аталған түзетулерді қабылдамауға кеңес берді.

«Демократиялық ашық қоғамда азаматтар өздеріне қандай ақпараттың керегін және интернеттен не қарайтынын өздері шешуге тиіс. Сұрыптауды - пайдаланушылардың өздері ғана жүргізуге тиіс. Бұл - біздің кеңсенің маңызды ұстанымы. Ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі кез-келген сұрыптаушы саясат ақпараттың еркін ағыны қағидасына қайшы келеді», - деп мәлім етті ЕҚЫҰ Қазақстандағы өкілінің сөз бостандығы мәселелері бойынша кеңесшісі Анна Карлсрайтер, сәуір айында интернетке кіруді мемлекеттік реттеу мәселесі бойынша өткен дөңгелек үстелде.

Алайда депутаттар интернет-ресурстарды реттеу туралы заңды конституция нормаларына және Қазақстан қосылған халықаралық келісімдерге сәйкес келеді деп есептейді.

Заңда Қазақстандағы барлық интернет-ресурстарды (соның ішінде порталдар, форумдар, блогтар, чаттар, WAP-порталдар, интернет-телевизия) дәстүрлі БАҚ-қа теңестіру қарастырылған. Сонымен қатар, олар үшін сайтта ұлттық заңнамаға қайшы келетін ақпаратты орналастыруға тыйым салынады  (ал мұндай тыйым басқа БАҚ үшін бар).

Сонымен қатар, құжат Қазақстанда таратылатын және заңға сәйкес келмейтін шетелдік БАҚ-тың өніміне қатысты сот ісін арыз берушінің орнында және жауапкердің қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндігін береді. ЕҚЫҰ сарапшыларының пікірінше, аталған норма Қазақстаннан шетелдік ресурстарға кіруді шектейді.

Түзетулердің үкімет ұсынған жобасында бас прокурорға соттың рұқсатынсыз  заңға қайшы келетін БАҚ-тың шығуын немесе өнімін таратуды тоқтату өкілеттігін беру қарастырылған болатын. Бұл норманы мәжіліс депутаттары заң жобасынан алып тастағанды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446