Жексенбі, 24 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 3951 5 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 13:23

«Қарызға өмір сүретін» Қазақстан: 166 млрд доллар...

Қазақстанның сыртқы қарызы $166 млрд-тан асты. Бұл туралы LS сайты хабарлады.

Ұлттық Банктің дерегі бойынша, елдің берешегі 2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 166,7 млрд долларды құрады. Бұл 2020 жылғы дәл осе кезеңдегі көрсеткіштен $6,9 млрд-қа немесе 4,3%-ға артық.

Қарыздың ең көп көлемі Нидерландыға тиесілі – $44,7 млрд. Бір жыл ішінде ол 0,2%-ға қысқарды. Сондай-ақ, Қазақстан Қытай алдындағы берешекті – 4,7%-ға, $9,7 млрд-қа, Жапония алдындағы берешекті-3,5% -ға, $5,5 млрд-қа дейін азайтқан.

Өз кезегінде, бір жыл ішінде Халықаралық ұйымдар алдындағы міндеттемелер күрт өсіп, 15%-дан аса немесе $11,4 млрд–қа дейін жеткен. Ресей алдындағы міндеттемелер 8,5%-ға немесе $9,7 млрд-қа дейін өскен. Бермуд аралдары алдындағы міндеттемелер 7,3%-ға, $10,2 млрд-қа дейін, Ұлыбритания алдындағы міндеттемелер 6,9%-ға, $23,3 млрд-қа дейін жеткен.

Сонымен қатар, Қазақстан Виргин аралдарына $2,9 млрд, БАӘ – $2,4 млрд, Германияға $2,3 млрд қарыз болған. Ал Бразилия, Колумбия, Конго, Мавритания және Сирия алдында сыртқы міндеттемелер әрқайсысы 100 мың долларға жеткен.

Бұған дейін, ЕАЭО елдерінің жалпы мемлекеттік борышы 342,8 млрд долларды құрағанын, ал Қазақстанның үлесіне 52 млрд доллар тиесілі екені БАҚ-та жария болған.

Abai.kz инфографикасын қараңыз:

Назерке Алтайқызы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625