Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4791 1 пікір 26 Қазан, 2021 сағат 12:25

Ауыл халқы көтеріліп, ашумен шығады

Түбі ауыл халқы көтеріледі. Көтерілгенде жәй көтерілмейді ашумен шығады. Және бұның соңы үлкен трагедиямен аяқталады. Мен билікті үркіту үшін емес ескерту мақсатында жазып отырмын. Әйтпесе анау жоғарыдағылар күнде телевизордан көрсетіп жатса да естімеген білмеген адам сияқты кейіпте жүр. Негізі бұл проблемадан үкімет, ауылшаруашылығы министрлігіндегілер жақсы хабардар. Білсе де үндемейді. Ауылдық жерлердегі қарапайым халық жайылым жерсіз қалып жатқанын олар өте жақсы біледі. Заң бойынша ауыл маңында жер жетпей қалған жағдайда әкімдік бұл жерлерді ауыл халқының жайылымы үшін қайтарып алуға толық құқылы. Бірақ әкімдер ауылдағы бай бағландардармен ауыз жаласқан соң оларға қарсы шыға алмайды. Тұрғындарға жерді қайтарып бере алмай отыр. Қазіргі ауылдағы жағдай тура бір патша үкіметінің кезіндегідей. Бай мен кедейдің арасы жер мен көктей. Байлар алған жерлерін соғыстағы окоптағыдай қоршап тастаған. Бұған заң бойынша тиым салынса да жергілікті құзырлы органдар тағы да үндей алмайды. Кесіренен халықтың малы сол қоршауға құлап қырылып жатыр. Жерді қоршағандарды жұрт фашистерден де әрмен жек көреді. Ақыры ашынған халық қазір тістеніп әзер жүр. Қандары бұрқ-сарқ қайнап жатыр. Енді сол ашу бір күні төгіледі. Соңы жаман болады. Соның алдын алғысы келетіндер болса шұғыл комиссия құрып ауылдық жерлердегі халықтың жайылымдарын жұртқа жедел қайтарыңдар. Бұл мәселе келер көктемде тағы көтеріледі. Бірақ кеш болады.

Ерқанат Көпжасарұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552